ЖАҢАЛЫҚТАР

Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына аттанатын үшінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығына тоқталды. – Бітімгерлік сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қосқан маңызды үлесі болып табылады, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Сіздер еліміздің абыройын асқақтатып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қаты...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылдарының бірі Леонардо да Винчидің өміріне, ғылыми ізденістері мен инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті. Көрменің ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, көрме комиссары Ольга Риго, Рим қаласындағы Леонардо да Винчи музейінің директоры Августо Биаджо, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Аида Балаева экспозицияның Халықаралық музейлер күнінде өткізілуінің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Бұл күн әлемдік мәдени мұраны сақтау, ғылым мен өнерді дамыту және мәдениетаралық диалогты нығайту идеялары төңірегінде жұртшылықты біріктіреді. Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 286 музей жұмыс істеп тұр. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді. Сонымен қатар Аи...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Мемлекеттік қызмет — халықтың сенімі, азаматтық жауапкершілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әрбір Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің дамуын тежейтін басты кесел» екенін ерекше атап өтіп келеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап — тек кәсіби біліктілік қана емес, ең алдымен, биік адамдық қасиет пен жоғары этика. Мемлекеттік қызметші болу — бұл билікке ие болу емес, халыққа адал қызмет ету. Еліміздің даму жолындағы ең басты кедергілердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Бұл дерт мемлекеттің іргесін шайқалтып қана қоймай, қоғамның әділдікке деген сенімін жояды. Сондықтан әрбір маман өз қызметінде адалдық пен жауапкершілікті ту етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір маманның өз жұмыс орнынан басталады. Менің ойымша, нағыз мемлекеттік қызметшінің бойында мынадай құндылықтар болуы шарт: Парасаттылық: Шешім қабылдау кезінде жеке мүддені емес, мемлекет пен қоғам мүддесін жоғары қою. Ашықтық: Әрбір іс-әрекеттің заңдылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету....
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Ата заңның жас ұрпақ өміріндегі рөлі

Жетісу өңірінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Конституция – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетінің тірегі» атты диалогтік алаң өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Заман талабына сай ұйымдастырылған бұл шара өңір белсенділері мен сала мамандарының басын қосты. Көптеген адам құқықтық сауаттылықты тек заңдар жиынтығын жатқа білу деп түсінеді. Алайда, бұл ұғымның ауқымы кең. Құқықтық мәдениет – өз құқықтарыңды тиімді қорғай алу, өзге азаматтардың бостандығына құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті саналы түрде сақтау. Диалогтік алаңның негізгі міндеті де жас буынның бойында осы қасиеттерді дамытуға бағытталды. Ашық пікірталас барысында қатысушылар жастар құқығы, заң алдындағы жауапкершілік, қауіпсіздік және азаматтық ұстаным тақырыптарын кеңінен талқылады. Кездесу барысында сала мамандары мен спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық сананы мектеп қабырғасынан бастап қалыпт...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Талдықорғанда әскери-техникалық мектеп ұжымы сенбілік ұйымдастырды

ҚР ҚК әскери-техникалық мектебі Талдықорған филиалының жеке құрамы сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Іс-шара «Өтенай» шағын ауданы аумағындағы Ұлы Жеңіске арналған ескерткіш маңында ұйымдастырылды. Әскери-техникалық мектеп қызметкерлері мен мамандары аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Сенбілік барысында қатысушылар аула сыпырып, ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қоршаулар мен нысандарды сырлап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұжымның ұйымшылдығы мен белсенділігінің арқасында ескерткіш маңының көркі жаңарып, тазалығы айтарлықтай жақсарды. – Бұл қоршаған ортаға жанашырлық танытып, жастарға үлгі көрсетуге бағытталған тәрбиелік іс-шара. Қоғамдық орындарды таза ұстау — әр азаматтың парызы. Осындай игі шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, ортақ іске деген жауапкершілікті арттырады, – дейді Филиал директорының орынбасары, запастағы подполковник Андрей Ворков. Сенбілік соңында қа...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісуда көп жылдық мәселе шешімін тапты: суды құдықтан алып отырған ауылға ауыз су құбыры тартылды

Ескелді ауданында жүзден астам тұрғыны бар Ақтұма ауылына заманауи ауыз су құбыры жүргізілді. Осы уақытқа дейін ескірген ұңғыма ауыз судың негізгі көзі болып, одан су тек көшедегі құдықтар арқылы беріліп келген. Оның үстіне судың сапасы мен қысымы да көңіл көншітпейтін, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ескі құбырларды жай ғана жөндеу мәселені толық шешпейтін болғандықтан, көше бойымен сервистік желілер тарту арқылы жаңа су құбырын салу туралы шешім қабылданды. 2021 жылы басталған жұмыстар мердігердің жауапсыздығының кесірінен ұзаққа созылған еді. Дегенмен облыс басшылығының араласуынан кейін жоба өткен жылы толық аяқталды. Қазіргі таңда ауылдағы 37 үйдің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып үлгерді. Солардың қатарында жергілікті тұрғын Ақмарал Немелбаева да бар: – Мен жаңа желіге алғашқылардың бірі болып қосылдым. Енді үйімізге су кран арқылы келіп тұр. Ауылдағы әйелдердің қай-қайсысы да тұрмыстың түбегейлі өзгергенін растайды деп ойл...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісуда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жол саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Талдықорғанда өткен жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы маусымға дайындық жоспарлары талқыланған кеңесте сала қызметкерлері марапатталды. Осылайша тұрғындарды жылумен, сумен қамтамасыз етіп, елді мекендердің көшелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау жолында күн сайын еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Төтенше жағдайлар немесе ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дейін 35 қазандық пен 16,4 шақырым жылу желілері жөнделіп, нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар Жансүгіров, Балпық би ауылдары мен Сарқан қаласында 3 блокты-модульді қазандық, сондай-ақ Үшарал қаласында жаңа орталық қазандық пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде жылумен қамту жүйесінің сапасын едәу...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жастар және құқықтық жауапкершілік

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың құқықтық білімін жетілдіру және қоғамдағы заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынға құқықтық нормалардың маңызын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Қазіргі таңда құқықтық сауатты ұрпақ қалыптастыру – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда ұйымдастырылған кездесуде жастарға заңды білу мен оны сақтау әр азаматтың басты міндеті екені кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі орны мен маңызы жөнінде толыққанды мәлімет берілді. Атап айтқанда, Ата Заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі маңызы...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «EcoSana» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке тікелей байланысты. Осы ретте «EcoSana» интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап қана қоймай, экология саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Іс-шара ерекше интеллектуалды ойын форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық қауіпс...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026

Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталып, жолы кесілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылдың басынан бері өңір аумағында құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 21 дерегі анықталды. Мәселен, Талдықорған-Үштөбе автожолының Еңбек ауылы маңында жүк көлігін тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз шамамен 10 тонна қиыршық тас тасымалдау фактісі анықталды. Сондай-ақ, сол түні Алматы-Өскемен автожолының Көксу ауданы аумағында полицейлер құмды қажетті ілеспе құжаттарсыз тасымалдап келе жатқан жүк көлігін тоқтатты. Аталған екі дерек бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесі бой...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.