ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық сауаттылық – заман талабы

Заман ағымы өзгерген сайын қоғамның сұранысы да жаңарып келеді. Бүгінгі күні әлемдік даму үдерісінің басты тетіктерінің бірі саналатын жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық саласына дендеп енді. Кеше ғана ғылыми зертханалардың жаңалығы болған технологиялар бүгінде білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық коммуникация кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан цифрлық сауаттылықты арттыру мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру – келешекке бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Жетісу облысында жастардың технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған «Жетісу облысы жастарының жасанды интеллекті қолдану мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын дамыту» жобасы жүзеге асырылды. Жоба Жетісу облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Jetisý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бастаманың негізгі ма...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026

Бейбіт Исабаев «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өңір жастарымен еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғимаратында өңір жастарымен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді. Кездесуге университет пен колледждер студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлар, жалпы облыс жастары қатысты. Өңір басшысы жастармен әңгімесінде өз ойын әл-Фарабидің «Қайырымды қала» идеясы, Абайдың «Толық адам» ұғымы, Ахмет Яссауидің рухани ілімі сияқты іргелі постулаттарға сүйене отырып жеткізді. Сол сияқты Мемлекет басшысының дала өркениетінің үлгісі ретіндегі Алтын орда туралы халықаралық симпозиумындағы сөзінің мән-мазмұны мен жастардың ақпараттық-құқықтық сауаттылығының рөлі мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Алдымен Мемлекет басшысының Алтын орда тарихын зерделеуге қатысты сөйлеген сөзіне тоқталып, өз мемлекетінің тарихын тану әрбір азаматқа, әсіресе жастар үшін аса қажет екенін ай...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: 148 елді мекеннің жолдары жөнделді

Жетісу облысы құрылғаннан бергі 4 жыл ішінде өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 1610,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Оның 660,4 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болса, 148 елді мекеннің 950,2 шақырым ішкі көшелері жөнделді, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл өңірде облыстық жолдар мен елді мекен көшелерінің 212,6 шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаларда 38 елді мекен қамтылады. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 96%-ға жеткізу көзделген. Айдос Досжановтың айтуынша, ірі жобалардың бірі – «Талдықорған – Үштөбе» автожолының 40 шақырымдық учаскесі. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолдың 49-шақырымынан бастап ескі асфальт жабындысы фрезерленіп, су өткізу құбырлары ауыстырылуда. – Бүгінгі күні шамамен 28 700 ш.м. асфальт жабыны фрезерленді. Жол төсемі екі қабаттан тұрады: төменгі қабатының қалыңдығы – 6 см, жоғарғы...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026

«BIR TOLQYNDA»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA»кездесуіөтті. Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар диалог алаңына өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026

«BIR TOLQYNDA»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA»кездесуіөтті. Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар диалог алаңына өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 5 мыңға жуық балабақша бүлдіршіндері ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды

Жетісу облысы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілерінің, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің қатысуымен ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтеді. Ауқымды экологиялық акцияға облыс бойынша 186 мектепалды даярлық және ересек топтың 4 650 тәрбиеленушісі қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар шараға 551 тәрбиеші мен 1 052 ата-ана қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, көгалдандыру жұмыстарына бірге атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде өңірде 3 145 гүл және 1 113 ағаш көшеті отырғызылып, облыс аумағының жасыл желекке айналуына елеулі үлес қосылды. Маңызды акцияға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бұл іс-шараның мақсаты балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, бірлескен еңбек арқылы олардың қоршаған ортаға жанашырлық сезімін ояту екенін атап өтті. Сондай-ақ ол балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық мәдениетін қалып...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.05.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: шағын, орта бизнестің 1600-ге жуық жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді

Жетісу облысында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, субсидиялау, кепілдендіру және гранттар беру арқылы қолдау көрсетілуде. Облыс құрылғаннан бері мемлекеттік қолдау шараларымен жалпы 1568 шағын және орта бизнес жобасы қамтылды. Сол қатарда өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, көлік-логистика салалары, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы жобалар бар. Бұл өз кезегінде инклюзивті және арнайы білім беру саласының дамуына оң ықпал етті. Мәселен, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталықтары Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданында ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша өңірде инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны 6 278-ге жетті. Оның ішінде мектепке дейінгі ұ...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.05.2026

Жетісуда Дәнеш Рақышевқа арнап мурал салынды

Жетісу облысында әйгілі әнші әрі сазгер Дәнеш Рақышев бейнеленген мурал салынды. Бұл портрет Жаркент қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына орналастырылды. Арт-нысан Халық әртісінің 100 жылдық мерейтойына орай жасалды. Еске салсақ, өнер иесі Панфилов ауданындағы Талды ауылында дүниеге келген, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мурал салудағы басты мақсат – Дәнеш Рақышевтың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, оның тұлғасы мен шығармашылық жолын көркем түрде дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтып, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту. Муралды салуға суретшілер Олжас Ризабек, Мейірлан Есенғалиев, Олжас Халила және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері қатысты. – Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде муралдар салып жүрміз. Мәселен, еңбектеріміз Астана, Ақтөбе қалаларында тұр. Командамыздың жалпы саны 50-ден астам шығармашылық жұмысы бар...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында облыстық жарыс ұйымдастырылды

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында пробация есебінде тұрған жастар мен NEET санатындағы жастар арасында облыстық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шара жастарды спортқа баулу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және құқықбұзушылық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бағытында өткізілді. Турнирге облыстың бірнеше аудан-қалаларынан келген командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шара барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін де таныта білді. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және қоғамдағы белсенділікті арттыру – турнирдің басты мақсаты болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды спортқа қызықтырып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, психологиялық тұрғыд...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды. Фестивальға биыл Түркия, Грузия, Өзбекстан мемлекеттерінен және ел аймақтарынан 8 театр қатысып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театры ғимаратының алдында фестивальға қатысушы театрлардың шеруі ұйымдастырылды. Мұнан соң театр ғимаратының залында фестиваль күнделігінен естелік бейнежазба көрсетілді. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов дәстүрлі театр мерекесінің Жетісу өңірінде осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын айтты. - Қадірлі қонақтар мен қатысушылар, жер жәннаты Жетісуға қош келдіңіздер! «BIKEN FEST» фестивалі алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, Жетісу өңірінің мәдени имиджін нығайтатын маңызды жобаға айналды. Осы 4 жыл ішінде бұл іс-шараға 6 мемлекеттен жә...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.