ЖАҢАЛЫҚТАР
«Көшбасшы-2026»: Жетісуда алғаш рет үздік жас цифрлық көшбасшылар мен еріктілер таңдалды |
| Жетісу облысында Халықаралық жастар күніне орай облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – елдің заманауи басымдықтарын, атап айтқанда цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және волонтерлік қозғалысты дамыту бағыттарын айқындайтын жаңа номинациялардың енгізілуі болды, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының атынан іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады. — Бүгінде Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында 200 мыңға жуық жас бар. Араларыңызда ел дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азаматтар аз емес. Жыл сайын еңбектеріңізді бағалап, үздіктерді «Көшбасшы» жастар сыйлығымен марапаттау – игі дәстүрге айналды. Биыл бұл марапаттың ауқымы... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.08.2026 |
4 мыңнан астам жарыс және цифрлық есепке алу: Жетісу облысында балалар мен жасөспірімдер спорты реформалануда |
| Өңірде бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері ауылдық эстафеталардан бастап халықаралық турнирлерге дейін 4 мыңнан астам шара өткізілді. Олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән берілуде. Жаңартылған заңнамаға және салалық министрліктің 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшіру саланы жаңғыртудың маңызды қадамы болды. Енді бюджет қаражаты білім алушылардың нақты санына байланысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бойынша қатаң түрде бөлінеді. Бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету үшін деректердің қайталануын болдырмайтын цифрлық платформа енгізілуде, ал спорт мектептеріне қабылдау «e-Gov» порталы арқылы жалғасады. Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ата-аналарды балалардың құжаттарын уақтылы өзектендіруге шақырады. Енгізіліп жатқан реформалар м... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.08.2026 |
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жалғасуда |
| Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға байланысты дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі таңда сайлау процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз ету, ұйымдастыру мәселелерін пысықтау және тиісті жұмыстарды үйлестіру бағытында бірқатар шаралар атқарылуда. Сайлауды өткізу барысында басты назар – заң талаптарының сақталуына, ашықтық пен әділдік қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сайлау учаскелерінің жұмысы ұйымдастырылып, жауапты мамандардың міндеттері нақтыланып, сайлау процесіне қатысушыларға қажетті ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтар үшін сайлау кезеңдері, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары маңызды орын алады. Әрбір сайлаушы өз құқығын білуі және сайлау процесіне жауапкершілікпен қатысуы қажет. Аудандарда да дайындық жұмыстары жалғасуда. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жағдайы тексеріліп, ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда. Учаскелік комиссия мүшелерінің жұмысы жүйеленіп, сайл... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.08.2026 |
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады |
| Жетісу облысында вегетациялық кезең қалыпты режимде өтуде. Климаттың өзгеруіне байланысты өңірде су ресурстарын үнемдеу мен цифрландыру шаралары қолға алынды. Шаруалармен келісімшарт жасасу толықтай электронды биллингтік жүйеге көшірілді. 8 мыңнан астам электронды келісімшарт жасалып, 130 мың гектардан астам егістікті суару жоспарланған (қазіргі таңда 115 мың гектардан астамы толық суарылды). Су тапшылығын шешу үшін жалпы сыйымдылығы 151 млн м³ болатын 8 жаңа су қоймасы салынады. Быжы, Тышқан, Қорғас және Өсек өзендеріндегі 4 жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, жақында құрылысы басталады. Ал Бүйен, Балықты және Жаманты су қоймалары бойынша құжаттар әзірленуде. Қолданыстағы Ақешкі, Алмалы, Ащыбұлақ және Қызылағаш су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мамандар диқандарды монодақылдарды азайтып, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануға шақырады. |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.08.2026 |
Жетісу асыл тұқымды мал өсіруге басымдық беруде: өңірге Ирландия, Дания және Германиядан асыл тұқымды жануарлар жеткізіледі |
| Жетісуда асыл тұқымды малдың үлесін арттырып, өңірдегі мал шаруашылығын жаңа деңгейге шығару көзделіп отыр. Бұл үшін шаруашылықтарға «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген қаржыландыру ұсынылады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны 7,9%-ға өсіп, 2,9 млн басқа жетті. Дегенмен, асыл тұқымды мал басының үлесі әлі де төмен қалып отыр: ірі қара мал арасында – 11,4%, ал ұсақ мал арасында – 10,7%. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі – шетелден асыл тұқымды мал сатып алу. Аграрлық несие корпорациясы, «Береке» банкі және «Даму» қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын арнайы несиелік бағдарламаларға қатысуға өңірдегі 28 шаруашылық ниет білдіріп үлгерді. Алғашқы ірі жобалар қазірдің өзінде қаралуда. Атап айтсақ, «Алтын Қаратал» ЖШС «Игілік» бағдарламасы аясында Ирландиядан 200 бас етті бағыттағы ірі қара малды... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.08.2026 |
«Мектепке жол»: Жетісуда 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі |
| Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасады. Бүгінде өңірде қолдауға мұқтаж 16 750 баланың тізімі жасақталып, акцияны ұйымдастыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы аталған бастама аясында 16 656 балаға жалпы сомасы 214 013 558 теңгеге материалдық көмек көрсетілген болатын. Халықты ақпараттандыру мақсатында елді мекендерде арнайы билборд, баннерлер мен жарнамалық плакаттар орнатылып, барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілерінде белсенді насихат жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық және қалалық әкімдіктердің ұйытқы болуымен орталық сауда орындарында мектеп тауарларын төмендетілген бағамен ұсынатын қайырымдылық жәрмеңкелері өтуде. Ал сабақты дәлелсіз себептермен босататын, қараусыз қалған балаларды анықтау бағыты... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.08.2026 |
ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ДЕРЕКТЕР ҒЫЛЫМЫМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ СҮЙЕНЕТІН МЕМЛЕКЕТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАДАМ БАСУДА: ПРОКУРОРЛАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЗІРЛЕУШІЛЕРІНЕ АЙНАЛЫП, ӨЗ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ САРАПШЫ КАЙ-ФУ ЛИГЕ ТАНЫСТЫРДЫ |
| Бүгін Қазақстан РеспубликасыныңБас Прокуроры Берік Асыловжасанды интеллект саласындағы әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лимен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараның басты тақырыбы IT-мамандар емес, прокуратура қызметкерлерінің өздері әзірлеген алғашқы цифрлық жасанды интеллект құралдарының таныстырылымы болды. Мұндай нәтижелерге қазақстандықQ.AIкомпаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді. 20-дан астам прокурор дәстүрлі бағдарламалау дағдыларынсыз жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін озықVibe Codingәдісі бойынша қарқынды оқудан өтті. Кездесу барысында қадағалау органының басшысы мен доктор Кай-Фу Лиге екі пилоттық өнім таныстырылды: –Тергеушінің ЖИ-көмекшісі (қылмыстық схемаларгенераторы)– қылмыстық істер бойынша мәтіндік анықтамаларды автоматты түрде талдап, бірнеше секунд ішінде көрнекі схемалар құрастыратын бірегей алгоритм. Жасанды интеллект қылмыстың мән-жайын өздігінен анықтап, қатысушылар арасындағы жасырын байланыстар... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.08.2026 |
«Заң мен тәртіп»: спортшылармен кездесу |
| Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, қазақстандық самбошы және дзюдошы Мұқанов Азамат «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жас спортшылармен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмаған спортшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру және спорттағы этикалық қағидаларды насихаттау болды. Кездесу барысында Азамат Мұқанов кәсіби спорттағы тәжірибесімен бөлісіп, спортшы үшін тәртіп, жауапкершілік және адалдықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған спортшылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз спорттық орта қалыптастыру, жаттықтырушы мен спортшы арасындағы өзара құрмет, спорттық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша мазмұнды әңгіме өрбітті. Жас спортшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптары мен спорттық этикаға қатысты пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және әділ бәсекелестік қағидаларын ұстанудың маңыздылы... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.08.2026 |
Жетісуда 24 мыңнан астам бала жоспарлы екпе алды |
| Жетісу облысында қазіргі таңда 24 596 бала жоспарлы егумен қамтылған, атап айтқанда 48,4 пайыз. Ал қалған 51,6 пайыз екпе алмаған балалар. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Балалардың жартысынан астамының қорғаныссыз қалуы өңірдегі ұжымдық иммунитетке үлкен қауіп төндіріп отыр. Бүгінде балаларына жоспарлы екпе жасатудан бас тартатын ата-аналар да бар. Осы мәселеге байланысты өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау мамандары ата-аналарды екпеден қорықпауға шақырды. Иммунопрофилактика – вакцинация арқылы ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қабілетін қалыптастыру және қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу шаралары. Вакцина ағзаға аурудың әлсіретілген немесе белсенді емес бөлшектерін таныстырады. Соның нәтижесінде иммундық жүйе белгілі бір ауруды тудыратын инфекцияны алдын ала танып, оған қорғаныс қалыптастырады. Кейін адам нақты инфекциямен кездескенде, ағза оған тез қарсы тұрып, аурудың ауыр өтуіне жол бермейді. Вакцина ал... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.08.2026 |
«Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен заң және жастар саясаты бағытында кездесу өтті |
| Көксу аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу болды. Іс-шара барысында жастарға Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастар саясатының негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен пікір алмасу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге ықпал етті. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық өмірге белсенді қатысу... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.08.2026 |
