ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық құрылтай – ел бірлігі мен дамуының маңызды алаңы

Ұлттық құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды қоғамдық институт. Құрылтайда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, мәдениет, жастар саясаты, заң үстемдігі, ұлттық құндылықтарды сақтау және өңірлердің өркендеуі сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында қоғамның пікірін тыңдап, халықтың ұсыныстарына негізделген нақты бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын үнемі атап келеді. Бұл – еліміздің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Құрылтай аясында көтерілген бастамалар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлттық бірлікті нығайтуға және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, білім мен ғылымды дамыту мәселелері де ерекше назарда. Бүгінде Ұлттық құрылтай – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың үн...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026

Жетісудағы шекаралық аймақта өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен өңірдегі сегізінші өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл бастама азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін едәуір арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен аудандық бюджет қаражаты есебінен салынған жаңа өртке қарсы қызмет нысаны Панфилов ауданының Айдарлы ауылында пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бекеті Айдарлы, Дарбазақұм және Сарпылдақ ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған үш елді мекенде шамамен 2500 адам тұрады. «Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында қажетті қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Яғни диспетчерлік бөлме, жеке құрамның демалу және тұру бөлмелері, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған бокс бар. Бөлімше штаттық қызметкерлермен толық қамтылған, арнайы киім-кешекпен, заманауи байланыс құралдарымен және қажетті техникамен жабдықталған....
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026

Жетісуда апатты үйлер мәселесін шешу жалғасуда

Жетісу облысында апатты тұрғын үйлер мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2022–2024 жылдар аралығында Талдықорған қаласында 119 пәтері бар 18 апатты тұрғын үй анықталды. Бүгінге дейін сол үйлердің тұрғындарына 118 пәтер берілді. Солардың қатарында бүгін жаңа баспананың кілтін алған 17 отбасы да бар, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа баспанаға ие болған отбасылар «Береке» коттедж қалашығынан, сондай-ақ «Жастар-1/1» және «Жастар-3» шағын аудандарынан жаңа баспанаға ие болды. Қоныс тойымен тұрғындарды Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтады. Қала әкімі өз сөзінде тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін және бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қоныс иелерінің қатарында 81 жастағы Жанатай Сүгірбаева да бар. Ол 20 жылдан астам уақыт апатты үйде тұрған. Жаңа пәтердің кілтін алған...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.07.2026

109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда

Жетісудағы Алакөл жағалауында жазғы маусым басталғаны бері шағын көлемді кемелерді пайдалану ережесі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты 109 әкімшілік жаза қолданылды. Бұл қабылданған шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биылғы жылдың 15 мамырынан бері ТЖД қызметкерлері басқа да жауапты органдармен бірлесіп 90 күндізгі және 62 түнгі рейд ұйымдастырылды. Су көліктерін тексеру өкілеттігі берілген сәттен бастап шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзу фактісі қатысты 109 хаттама толтырылып, 1 млн 654 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Атап айтқанда, кеменің борт нөмірлерінің болмауы, белгіленген шамадан тыс артық жолаушы алып жүру, өзінің құжаты жоқ немесе кеме билеті жоқ болған жағдайлар, навигациялық белгілер талаптарын сақтамау, құтқару жилетінің болмауы сияқты заңбұзушылықтарға шара қолданылды. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын бұзған тұлғаларға заңнама...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.07.2026

Жетісу облысында жалпы сыйымдылығы 714 мың тонна болатын 486 астық қоймасы бар

Облыста жалпы бір мезгілде 714 мың тонна астық сақтауға арналған 486 астық қоймасы бар. Олар өңірдің 10 ауданы мен қаласында негізгі астық өндірушілерге жақын жерде орналасқан. Бұл нысандар егін өнімін қабылдауға, сақтауға және кейіннен өңдеуге арналған. Сақтау барысында астық тазартылып, сұрыпталып және кептіріледі, бұл оның ұзақ мерзім бойы сапалы сақталуына мүмкіндік береді. Облыстағы астық кептіргіш құрылғылардың жалпы өнімділігі тәулігіне 500 тонна шамасында, —деп хабарлайдыЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін 39,3 мың гектар алқаптан өнім жиналып, 73,8 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 18,8 центнерден айналды. Бұл ретте егін орағы Көксу ауданында да қарқынды жүргізілуде. Соның бірі – Алғабас ауылындағы «Ұлан» шаруа қожалығының егіс алқаптары. – Биыл 390 гектарға жаздық арпа, 150 гектарға бидай ектік. Сонымен қатар біржылдық және көпжылдық ш...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.07.2026

Жетісуда өтетін ауқымды жазғы фестивальдерге 10 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде

Жетісу облысында ішкі туризмді дамыту мақсатында 2026 жылға арналған туристік іс-шаралардың жоспар-күнтізбесі бекітіліп, оның аясында бүгінгі күнге дейін 11 іс-шара сәтті өткізілді. Сонымен қатар өңірдің үш ірі фестивалі - «Сиверс алмасының гүлденуі», «Алакөл толқыны» және «Алтын-Емел - құландар мекені» республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді. Жазғы маусымда өңірдің басты туристік аймақтары - Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауында екі ірі фестиваль ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Алғашқысы 25 шілде күні Ақши ауылында өтетін дәстүрлі «Алакөл толқыны» фестивалі. Іс-шара Алакөл курорттық аймағының туристік әлеуетін насихаттауға бағытталған. Бағдарламада жағалаудағы ойын-сауық шаралары, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, DJ-сеттер, ерекше жанрдағы өнерпаздардың қойылымдары, интерактивті алаңдар, байқаулар мен мерекелік отшашу жоспарланған. Жаздың тағы бір басты...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.07.2026

Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді – әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді. Іс-шараға сарапшы-академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жағдайында Құрылтай сайлауы алдындағы қоғамдық үміт, партиялық құрылымдар рөлінің күшеюі және азаматтардың сайлау үдерістеріне қатысу белсенділігінің артуын талқылады. Отырыс барысында ҚҚДИ-дің екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2 400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1 200 респондент). Бір-біріне тәуелсіз жүргізілген екі зерттеудің көрсеткіштері өзара сәйкес нәтижелерді көрсетіп, электоралдық кезеңнің жоғары қоғамдық консолидация, оптимизм және...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.07.2026

Жетісу облысында бұрын орталық су жүйесі болмаған ауылға ауыз су құбыры тартылуда

Жетісу облысында орталық ауыз су жүйесі жоқ ауылдарға су құбырын тарту жұмыстары жалғасуда. Соның бірі – Алакөл ауданындағы Лепсі ауылы. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды су құдықтардан тасып немесе өз аулаларында ұңғыма қазу арқылы пайдаланып келген. Енді көп жылдан бері қордаланған бұл мәселе өз шешімін табуға таяу. Қазіргі таңда ауылда орталық су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Лепсі ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және жаңадан салу жобасы 2025 жылдан жүзеге асырылуда. Жоба аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер ұйым директорының орынбасары Дәурен Жүнісовтің айтуынша, жобаға 50-ге жуық маман, 8 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Жоба бойынша қарастырылған 708 су құбыры құдығының 628-і орна...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.07.2026

Көксу ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

17–19 шілде аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Көксу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық жадынамалар таратылуда. Көксу ауданы полиция бөлімі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын күшейтуге және күдікті жағдайлар немесе құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 102 арнасына дереу хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция мен тұрғындардың бірлескен жауапкершілігі. Көкск аудан...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.07.2026

Жетісу IT-әлеуетін күшейтуде: жаңа мектептер, ЖИ және аудандардағы оқу

Жыл басынан бері «Jetisu Digital» 1 380-нен астам қатысушының басын қосқан 57 іс-шара өткізді. Олардың жартысынан астамы жасанды интеллект пен оны практикада қолдану мәселелеріне арналды. «Digital Keruen» жобасы облыстың барлық 10 ауданы мен екі қаласын қамтыды: сарапшылар өңірлерге арнайы барып, жергілікті тұрғындарды заманауи цифрлық дағдыларға баулыды. Хаб IT-білім беру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебінде кезекті оқу легі аяқталды. Сонымен қатар, «Жетісу жастары» орталығының базасында Tomorrow School мектебін іске қосуға толық дайындық жүргізілді - 50 заманауи жұмыс орны құрылды. Мектептің ашылуы 2026 жылғы шілдеге жоспарланған. «Jetisu Digital» алдағы уақытта «Tomorrow School» мектебін ашуды, бағдарламалау, веб-дизайн және генеративті ЖИ бойынша тегін курстарды кеңейтуді, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамытуды, сондай-ақ аудандарда жаңа көшпелі интен...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.