ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 17.07.2026
Оқылды: 22 Печать страницы
Көксу ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

 

17–19 шілде аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара аясында Көксу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық жадынамалар таратылуда.

Көксу ауданы полиция бөлімі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын күшейтуге және күдікті жағдайлар немесе құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 102 арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция мен тұрғындардың бірлескен жауапкершілігі.

Көкск аудан Отбасылық зорлық зомбылық инспекторы полиция лейтенанты Махмет Елтай

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.