ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨКСУ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 22 маусымда Көксу ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, комиссия төрағасы Дәулет Кенжеханұлы Халелов жетекшілік етті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, күн тәртібіне енгізілген екі өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, комиссияның 2026 жылғы бірінші тоқсандағы отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Комиссия отырысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын ал...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті. Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген. Сонымен қатар Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі. Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді. Бұл мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи стандарттарын бекіткен жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Жаңа Негізгі Заң білікті заң көмегін көрсету жүйесін едәуір күшейтетін, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға кепілдік беретін және заңнаманың құқықтық айқындылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ететін бірқатар іргелі конституциялық жаңашылдықтарды бекітті. Маңызды жаңашылдықтардың бірі – адвокатура институтының конституциялық деңгейде бекітілуі. Енді Конституцияда адвокатура әрбір адамның білікті заң көмегін алуға және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға деген құқығын іске асыруға жәрдемдесетіні тікелей айқындалған. Бұл құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және қоғамның сот пен құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Тағы бір маңызды шешім – зияткерлік меншік құқықтарын конституциялық деңгейде тікелей қорғаудың бекітілуі. Бұл шығармашылық және ғылыми қызмет нәтижелерінің білім экономикасын,...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Онда өңірлерді жедел дамытудың заманауи тетігі белгіленген. «Жедел дамитын қала» мәртебесін де, арнайы құқықтық режимді енгізу де маңызды жаңалық болып отыр. Еліміздің экономикалық өсуінің алғашқы осындай бірегей алаңы мен жаңа орны Алатау қаласы болмақ. Мемлекет басшысы 8 мамырда қол қойған Конституциялық Заң ауқымды жобаның құқықтық негізін қалайды. Жаңа мәртебенің арқасында Алатау өзінің институционалдық құрылымы бар дербес экономикалық экожүйеге ие болады. Ол 12 ай ішінде кезең-кезеңмен енгізіледі. 1 шілдеден бастап Alatau City Authority толыққанды мемлекеттік органға айналады. Ал қаланың дамуын стратегиялық басқару Премьер-министрдің тікелей төрағалығымен Кеңеске өтеді. Алатауда халықаралық инвесторлар үшін түбегейлі жаңа орта құрылады. Қаланың арнайы режимі бойынша бизнесті жүргізуде орнықты жағдай, жеке лицензиялау тәртібі, «бір терезе» қағидатымен тәуелсіз реттеу...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Қазақстанда бүгіннен бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Жаңа Ата заңда теңгенің Қазақстан Республикасының дербес ұлттық валютасы екені және оны айналымға шығару құқығы тек Қазақстан Республикасына тиесілі екені ресми түрде бекітілді. Теңгенің ұлттық валюта, төлем және жинақтау құралы ретіндегі құқықтық мәртебесі Қазақстанның валюта саласындағы дербестігін айқындайды. Бұл ұлттық валютаны эмиссиялау құқығының тек мемлекетке тиесілі екеніне кепілдік беріп, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі теңгенің айрықша рөлін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл шешімнің стратегиялық әрі институционалдық маңызы зор екенін атап өтеді. Ұлттық валютаның конституциялық мәртебе алуы ұзақмерзімді ақша-кредит саясатын жүргізудің құқықтық негізін күшейтеді. Мемлекеттің ұлттық валютаны шығару құқығын Конституцияда бекіту қаржылық тұрақтылыққа оң ықпал етіп, азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ұлттық ақша жүй...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи стандарттарын бекіткен жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Жаңа Негізгі Заң білікті заң көмегін көрсету жүйесін едәуір күшейтетін, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға кепілдік беретін және заңнаманың құқықтық айқындылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ететін бірқатар іргелі конституциялық жаңашылдықтарды бекітті. Маңызды жаңашылдықтардың бірі – адвокатура институтының конституциялық деңгейде бекітілуі. Енді Конституцияда адвокатура әрбір адамның білікті заң көмегін алуға және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға деген құқығын іске асыруға жәрдемдесетіні тікелей айқындалған. Бұл құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және қоғамның сот пен құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Тағы бір маңызды шешім – зияткерлік меншік құқықтарын конституциялық деңгейде тікелей қорғаудың бекітілуі. Бұл шығармашылық және ғылыми қызмет нәтижелерінің білім экономикасын,...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Құрылтай өз тарихын бастады – Президент сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын. 4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

Бейбіт Исабаев «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының жүлдегерлерін марапаттады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Айбын-2026» XII Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлдегер атанған жетісулық оқушыларды марапаттады. Талдықорған қаласында өткен бұл салтанатты жиынға 200-ден астам кадет сыныптарының тәрбиеленушілері мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы сәкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінің фойесінде әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда өңір басшысына клуб мүшелері өздері дайындаған RESQBOT роботының жұмыс істеу тәсілін таныстырды. Сол сияқты оқушылар АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау шеберліктерін көрсетті. Кездесу барысында облыс әкімі «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері мен жетекшілерін халықаралық жарыстағы жетістіктерімен құттықтап, ризашылығын білдірді. - Бұл - ең алдымен, жастарымыздың табандылығы мен жігерінің, ұстаздар мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегінің және ата-ан...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ – ПРОЧНЫЙ ФУНДАМЕНТ МАСШТАБНЫХ ИЗМЕНЕНИЙ В НАШЕЙ СТРАНЕ

Поздравление акима области Жетісу Исабаева Бейбита Оксикбаевича с вступлением в силу новой Конституции Уважаемые жители области Жетісу! Сегодня, 1 июля, Новая Конституция Казахстана официально вступила в силу. От всей души поздравляю вас с этим историческим событием! С этого дня Казахстан откроет новую эпоху развития. Ведь новый Основной закон – главный документ, определяющий стратегическое направление и дальнейшее будущее страны. Главная цель обновленной Конституции, принятой при поддержке народа, заключается в формировании Справедливого Казахстана, реализации концепции «Адал азамат» и принципа «Закон и Порядок», создание безопасного и сильного государства. Для достижения этой цели, как отметил Президент, перед нами стоят первостепенные задачи: формирование новой архитектуры государственной власти, переход на новую экономическую модель, укрепление энергетического и инфраструктурного каркаса страны, создание полностью цифрового го...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ЕЛІМІЗДЕГІ АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтауы Құрметті жетісулықтар! Бүгін, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясы ресми түрде өз күшіне енді. Осы тарихи күнге орай баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн еліміздің мемлекеттік дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып отыр. Өйткені Ата Заң – мемлекетіміздің стратегиялық бағытын, еліміздің ертеңгі болашағын айқындайтын басты құжат. Халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституция еліміздегі түбегейлі реформалардың берік іргетасына айналды. Негізгі Заңның басты мақсаты – Әділетті Қазақстанды қалыптастыру, «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын нық орнықтыру, қауіпсіз, әрі қуатты мемлекет құру. Ол үшін алдымызда Президент атап өткендей, мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру, экономиканы жаңа үлгіге көшіру, энергетикалық және инфрақұрылымдық негізді нығайту, толыққанды ци...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.