2026 жылғы 22 маусымда Көксу ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, комиссия төрағасы Дәулет Кенжеханұлы Халелов жетекшілік етті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, күн тәртібіне енгізілген екі өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, комиссияның 2026 жылғы бірінші тоқсандағы отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Комиссия отырысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Көксу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық пен қоғам сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.
