ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады

Ұлттық домбыра күніне орай Жетісу облысында Мұқан Төлебаев атындағы оркестрдің музыканттары тікелей эфирде әлемнің 10 елі мен республикаларынан домбырашыларымен бірге Нұрғиса Тілендиевтің «Алқиса» күйін бір мезетте орындады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шара Талдықорған қаласында өтті. Тікелей эфир арқылы оған Қытай, АҚШ, Түркия, Бельгия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Башқұртстан және Алтай өлкесінен домбырашылар қатысып, осылайша қазақтың күй өнерінің шеберлері мен жанашырларын бір арнаға тоғыстырды. Көрерменге ерекше әсер қалдырған театрландырылған пролог барысында ақсақалдың домбыраны алдымен жас буынға, кейін бүлдіршінге символдық түрде табыстауы ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мұраның мәңгілік өміршеңдігін көркем бейнеледі. Жас өнерпаз орындаған алғашқы күйді Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі жалғастырып, концерттік бағдарламаның шымылдығын ашты. Мерекелік концерт аясында халық аспап...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Жетісуда «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының толық жүктемесін қамту үшін 84 елді мекенді газдандырудың жобалары әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында салынған «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының толық жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестициялар есебінен Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді газдандыру бойынша 6 жоба әзірленді. Жобаларды іске асыру 2026-2028 жылдарға жоспарланған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, табиғи газды тұтынудың қарқынды өсуі жағдайында «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының өткізу қабілетін арттыру аса маңызды мәселе болып отыр. Осы мәселені шешу үшін жеке инвестициялар есебінен «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының лупингін салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы келесі жылға жоспарланған «Бүгінгі күні облысты газдандыру деңгейі 67,2%. 110 ел...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Республикалық референдумда қабылданған Ата Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, мемлекеттік басқаруды жетілдіруді және әлеуметтік мемлекеттің қағидаттарын одан әрі нығайтуды көздейді. Конституцияға сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылады. Осыған орай азаматтардың денсаулығын сақтау, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Жаңа Конституцияда мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл өзгерістер денсаулық сақтау саласының да сапалы дамуына, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша к...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Ауылдық жердегі жұмыссыз жастарға бизнес негіздері үйретілуде

Өңірде ауыл жастарын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер - Жетісу жастарына жарқын жол» әлеуметтік жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. «Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға ықпал ету қоры» қоғамдық қорының директоры Светлана Садуакасованың мәлімдеуінше, қатысушылар үшін soft skills, қаржылық сауаттылық және бизнес-жоспарлау бойынша тренингтер, сондай-ақ менторлық қолдау ұйымдастырылған. Жобаның басты ынталандыруы конкурс болмақ, оның қорытындысы бойынша ең үздік 10 стартаптың әрқайсысына 3 миллион теңгеден грант беріледі. Бүгінгі таңда оқыту сессиялары мен семинарлар Текелі қаласында, сондай-ақ Көксу, Ескелді, Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарында сәтті өтті. Жас кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары әрі қарай жалғасуда. Сурет: AI/Tizgin.kz
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Жетісуда балалар қауіпсіздігі үшін 800-ге жуық пәтер тексерілді

Жетісуда балалар қауіпсіздігі үшін 800-ге жуық пәтер тексерілді Жетісу облысында жазғы маусымның басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі тағы да күн тәртібіне шықты. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті билікпен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан облыс аумағында баланың терезеден құлауының 1 жағдайы тіркелген. Ал өткен жылы мұндай 3 оқиға орын алған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – балалардың қараусыз қалуы, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы немесе баланы қарау міндетінің қарт туыстар мен кәмелетке толмаған өзге балаларға сеніп тапсырылуы. Республикалық «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында облыстағы 92 көпқабатты тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға 800-ге жуық астам ақпараттық брошюра таратылды. Көксу ауданындағы 11 орта мектепте жөндеу жұмыстары кезінд...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Құсанова Халида Есболқызы – «Делай добро! Текелі» волонтерлер қозғалысының жетекшісі.

Құсанова Халида Есболқызы – «Делай добро! Текелі» волонтерлер қозғалысының жетекшісі. Ол 2018 жылдан бері, яғни 8 жылдан астам уақыт бойы волонтерлік қызметімен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында әлеуметтік, экологиялық, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, қайырымдылық және жастарды қолдау бағыттарында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Қозғалыстың басты мақсаты – қоғамға пайда келтіру, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және волонтерлік мәдениетін дамыту. Халықаралық волонтерлер жылына орай «Делай добро! Текелі» волонтерлер қозғалысы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек көрсетіліп, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау білдірілуде. Сонымен қатар экологиялық сенбіліктер мен ағаш отырғызу акциялары өткізіліп, жастар арасында волонтерлікті насихаттауға бағытталған кездесулер мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Қозғалыс мүшелері төтенш...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Полицейлер Алакөл жағалауында экологиялық рейд жүргізді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы полиция департаменті табиғат қорғау полициясы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты – демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын жіті бақылау. Сонымен қатар мамандар көл жағалауының тазалығын сақтау, демалушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруді көздеп отыр. Алакөл жағалауындағы тәртіпті тексеру жұмыстары барысында заңсыз сауда жасау, қоршаған ортаны ластау және абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты 55-60 шақты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Барлық анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Түсіндірмелі сип...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Заң және тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның тыныштығын сақтайтын басты құндылықтардың бірі. Қай елде заң үстемдік құрса, сол елде әділдік пен қауіпсіздік орнайды. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бүгінде елімізде құқықтық мемлекет құруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы да халыққа арнаған Жолдауларында заң мен тәртіптің маңызын үнемі атап келеді. Себебі тәртіп бар жерде сенім бар, ал сенім бар жерде даму болады. Қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындаса, елімізде тыныштық пен тұрақтылық нығая түседі. Жастардың құқықтық сауатын арттыру да маңызды. Себебі заңды білген адам өз құқығын қорғай алады әрі өзгенің құқығын бұзбайды. Тәртіп – тәрбиенің бастауы. Отбасындағы тәрбие, мектептегі білім, қоғамдағы мәдениет – бәрі заңға құрметпен қарау...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.07.2026

«Сыбайлас жемқорлық туралы»

Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық- қоғамға өте үлкен зиян келтіретін жаман әдеттердің бірі. Қазіргі кезде бұл мәселе көп елдерде кездеседі. Адамдар өз еңбегімен емес, ақша мансап немесе таныс арқылы мақсаттарына жетуге тырысады. Бұл қоғамға өте қауіпті құбылыс. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады. Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Қазіргі кезде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Арнайы заңдар қабылданып, түрлі бағдарламалар іске асырылып жатыр. Мектептер мен жоғары оқу орындарында адалдық сағаттары өткізіліп, ал мемлекетттік мекемелермен үлкен жұмыс орындарын...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.07.2026

«Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Көксу жастары ұйымдастыруымен аудандық кітапханада жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында кең көлемді түсіндірме жұмыстары өткізілді. Тағылымы мол іс-шараның басты мақсаты – жастарға заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін арттыру болды. Кездесуге белсенді жастар, кітапхана оқырмандары мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздегі заң талаптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда кездесетін құқық бұзушылық түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мамандар жастар арасында жиі кездесетін мәселелерге тоқталып, әсіресе буллинг, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желідегі мәдениет, ұсақ құқық бұзушылықтар мен зиянды әрекетте...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.