Заң мен тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның тыныштығын сақтайтын басты құндылықтардың бірі. Қай елде заң үстемдік құрса, сол елде әділдік пен қауіпсіздік орнайды. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Бүгінде елімізде құқықтық мемлекет құруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы да халыққа арнаған Жолдауларында заң мен тәртіптің маңызын үнемі атап келеді. Себебі тәртіп бар жерде сенім бар, ал сенім бар жерде даму болады.
Қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындаса, елімізде тыныштық пен тұрақтылық нығая түседі. Жастардың құқықтық сауатын арттыру да маңызды. Себебі заңды білген адам өз құқығын қорғай алады әрі өзгенің құқығын бұзбайды.
Тәртіп – тәрбиенің бастауы. Отбасындағы тәрбие, мектептегі білім, қоғамдағы мәдениет – бәрі заңға құрметпен қарауға үйретуі керек. Заңға бағыну қорқыныштан емес, саналы түсініктен туындағанда ғана қоғам өркениетті бола алады.
Қорыта айтқанда, заң мен тәртіп – ел болашағының кепілі. Әр азамат заңды сыйлап, тәртіпті сақтауды өзінен бастаса, еліміздің дамуына қосқан үлкен үлесі сол болмақ.
