ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 07.07.2026
Оқылды: 46 Печать страницы

 

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Республикалық референдумда қабылданған Ата Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, мемлекеттік басқаруды жетілдіруді және әлеуметтік мемлекеттің қағидаттарын одан әрі нығайтуды көздейді.

Конституцияға сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылады. Осыған орай азаматтардың денсаулығын сақтау, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді.

Жаңа Конституцияда мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл өзгерістер денсаулық сақтау саласының да сапалы дамуына, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді.

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Атап айтқанда:

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру;
  • профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламаларды кеңейту;
  • ана мен бала денсаулығын қорғау;
  • ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы менқолжетімділігін арттыру;
  • медициналық қызметтерді цифрландыру және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін тұрақты жетілдіру.

ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Ауруханада алғашқы медициналық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, профилактикалық тексерулер, диспансерлік бақылау, вакцинация, скринингтік бағдарламалар және созылмалы аурулардың алдын алу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда тұрғындардың денсаулығын сақтауда аурудың алдын алу ерекше маңызға ие. Сондықтан әрбір азамат профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіп, скринингтік бағдарламаларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс.

Сонымен қатар халықтың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары туралы хабардарлығын арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Әрбір азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтер туралы толық ақпарат алып, өз құқықтарын тиімді пайдалана білуі қажет.

Құрметті Көксу ауданының тұрғындары!

Сіздің денсаулығыңыз – өзіңіздің ғана емес, отбасыңыздың және қоғамның амандығының кепілі. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, вакцинациядан бас тартпай, дәрігерлердің ұсынымдарын сақтауға шақырамыз.

Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдірудің берік құқықтық негізі. Мемлекет, медицина қызметкерлері және әрбір азамат бірлесе әрекет еткенде ғана ұлт саулығын нығайтып, келешек ұрпаққа дені сау қоғам қалыптастыра аламыз.

«Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.