Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық- қоғамға өте үлкен зиян келтіретін жаман әдеттердің бірі. Қазіргі кезде бұл мәселе көп елдерде кездеседі. Адамдар өз еңбегімен емес, ақша мансап немесе таныс арқылы мақсаттарына жетуге тырысады. Бұл қоғамға өте қауіпті құбылыс.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады. Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазіргі кезде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Арнайы заңдар қабылданып, түрлі бағдарламалар іске асырылып жатыр. Мектептер мен жоғары оқу орындарында адалдық сағаттары өткізіліп, ал мемлекетттік мекемелермен үлкен жұмыс орындарында заң мен тәртіп атты іс-шаралар, жастарға дұрыс тәрбие беру жұмыстары өткізілуде.
Жемқорлықпен күрес тек мемлекетке ғана емес, әр адамға байланысты. Әр азамат адал еңбек етіп, заңды құрметтеуі керек. Егер қоғамда әділдік пен әділеттілік,шындық жоғары тұрса, еліміз дамып, болашағымыз жарқын болады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық-қоғамның жауы. Онымен күресу үшін бәріміз бірлесе әрекет етуіміз қажет. Жемқорлық індетінің тамырын түбегейлі жоймайынша, мемлекеттің тұрақты өсіп өркендемейтінін ұмытпауымыз керек. Адалдық пен әділдік бар жерде ғана табыс пен даму болады!
Көксу аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашы Жунусова А.Ш.
