ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриалды парк құрылады

облысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында төмен биіктіктегі экономиканы дамытуға, озық технологияларды енгізуге және зияткерлік өндірісті өркендетуге бағытталған индустриялық парк құрылады. Осыған байланысты Жетісу облысының әкімдігі мен инвестор компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құжатқа Polyking Newhorizons Technology Industry Co., Ltd. компаниясының бас директоры Ли Канчао және Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов қол қойды. Меморандум аясында тараптар аумағы 1 мың гектар болатын заманауи индустриялық парк құру бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті. Жобада табиғи газды негізгі шикізат ретінде пайдаланатын интеграцияланған энергетикалық станцияның құрылысы қарастырылған. Бұл станция бір мезгілде электр энергиясын өндіріп, жылумен қамтамасыз етіп, сұйытылған табиғи газ шығарады. Жобалық қуаты – тәулігіне 2 млн текше метрге дейін табиғи газ тұтынады....
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.06.2026

Бейбіт Исабаев ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесті

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев биылғы жылдың наурыз айында қызметіне кіріскен Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы жаңа Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Тараптар экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Дипломатты жаңа қызметімен құттықтаған өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара құрметке, сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысы – республика бойынша Қытаймен шекарада 5 бақылау-өткізу бекеті бар жалғыз өңір. Оның ішінде 2 теміржол, 2 автомобиль және 1 туристік өткізу пункті бар. Сонымен қатар екі ел арасындағы ортақ шекараның облыс аумағындағы ұзындығы 563 шақырым. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы жан-жақты айтып берді, атап айтқанда, аграрлық сектор, аймақтың көлік-логистикалық әлеуеті,...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.06.2026

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА «ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ.

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әкелер форумы» өтті. Форумға Талдықорған қаласы мектептерінің оқушыларының әкелері мен арнайы шақырылған спикерлер қатысып, отбасы құндылықтарын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі және ұрпақ сабақтастығы мәселелерін талқылады. Іс-шараны «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын ашып, форумның маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде отбасы институтын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі әкелердің өмірлік тәжірибесін кейінгі буынға насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы әке мәртебесін көтеру – саналы, тәрбиелі және отансүйгіш ұрпақ қалыптастырудың басты кепілі екенін жеткізді. Форумның басты мақсаты – ұлт тәрбиесінің алтын арқауы, отбасының берік т...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.06.2026

Соңғы екі жылда Жетісу облысына жұмыс істеуге 153 дәрігер маман келді

Жетісу облысына соңғы екі жылда жұмыс істеуге 153 дәрігер маман келген. Бұл облыс әкімінің бастамасымен дәрігер тапшылығын жою мақсатында дәрігерлерді қолдау шаралардың арқасында мүмкін болды. Олардың 57-сі ауылдық жерлерде, 96-сы қалада жұмыс істейді. Олардың әрқайсына бір реттік көтерме ақы төленіп, 47 медицина маманына қызметтік пәтер берілді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде өңір басшысы алдымен облысқа келген жас мамандармен тілдесті. «Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес, дегенмен білімді, білікті маман қай кезде де өз ісін жауапкершілікпен атқарады. Балалардың, аналардың, жалпы халықтың денсаулығы сіздердің сапалы қызметтеріңізге байланысты. Сондықтан жақсылап жұмыс істеңіздер. Біз өз тарапымыздан денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз&r...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.06.2026

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Дәрігер – сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа іздеп шарқ ұрып, азаматтардың саулығы үшін аянбай тер төгетін, ажалмен бетпе-бет келетін аяулы жан. Осындай ардақты мамандықты иеленген жандарға қандай мақтау, мадақтау айтсақ та артық болмас. Өңірдегі барлық ақ халатты абзал жанның құрметіне арналған салтанатты жиынға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ қатысып, денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлерін жылына бір рет келетін төл мерекесімен құттықтады. Облыс халқының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосып жүрген дәрігер қауымына ыстық лебізін білдірген облыс әкіміМемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлетіндігін айта келіп, бұл бағытта атқарылып жатқан ілкімді істерді тілге тиек етті. – Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан аймақтаденсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Облыс құрылғалы 149 жаңа медициналық нысан сал...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.06.2026

ҚАРТЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Қайырымдылық акция Қоғамда аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалап, жастарға өнеге ету мақсатында Көксу ауданында «Қартым – асыл қазынам» акциясы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен Көксу жастары белсенді қатысып, игі істің ұйытқысы болды. Акция барысында жастар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға, Ирак еліндегі қақтығыстарға, Зайсан өңіріндегі жер сілкінісінің салдарын қалпына келтіру жұмыстарына, сондай-ақ Арыс пен Тараз қалаларында орын алған төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарған ардагер Бақытжан Шәкірұлы Бақтыбаевтың әкесінің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында аула аумағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, арамшөптер жұлынып, аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоршаулар сырланып, үй маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жастар өз...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026

КӨКСУ АУДАНЫНДА 15 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Көксу ауданында тұрғындарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Аудан тұрғындары үшін ерекше маңызға ие қуанышты оқиға орын алып, тұрғын үй кезегінде тұрған 15 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов қатысып, қоныс иелерін айтулы қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ салтанатты шараға «Отбасы банк» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Жасұлан Мұратұлы қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, аудан көлемінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешу және қолжетімді тұрғын үймен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. – Баспана – әрбір отбасының бақыты мен берекесінің бастауы. Бүгінгі қу...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026

Жетісудағы Алакөл жағалауында тәулігіне 6,5 мың текше метр су тазарта алатын кәріз тазарту қондырғысы салынып жатыр

Жетісудағы Алакөл көлінің жағалауында кәріз тазарту құрылысының ІІ кезегі іске асырылуда. Бұл жобалық қуаты жағынан еліміздегі ірі жобалардың бірі деуге болады. Қондырғы тәулігіне 6,5 мың шаршы метр су тазартуға қабілетті болмақ, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, кәріз жүйесін салу жұмыстары 2022 жылы басталған. Атап өтсек, бұл нысан болашақта кәріз суын тазалаудан өткізіп, техникалық су ретінде қайта пайдалануға ұсынатын болады. Осындай ауқымды қуаттылықтағы нысан болашақта курорттық аймақтардың өсу мүмкіндігін ескере отырып салынуда. Мердігер ұйымның техникалық директоры Бақтияр Сарыбаевтың айтуынша, құрылыстың бірінші кезеңінде ауылішілік желілер жүргізілген болатын. Екінші кезеңінде кәріз тазарту қондырғысы салынып жатыр. - Құрылыс жұмыс кестесіне сай жүріп жатыр. Қаржы жеткілікті, материалымыз түгел. Мұнда 45 адам, 10 техника тартылған. Бүгінгі күнде зертхана ғимаратынының сыртқы қасбеті мен ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Қазір нысанды қор...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

Жасөспірімдердің кәсіби спортшы болып қалыптасуына мол мүмкіндік сыйлап, олардың болашағына әсер ететін «J-league» жобасы биыл 2-ші рет ұйымдастырылуда. Талдықорғандағы Орталық алаңда ресми ашылу рәсімі сән салтанатпен өтті. Биыл 3 спорт түріне (волейбол, баскетбол, футбол) 551 команда (5510 бала) тіркелді. Мамырда басталған жобаның аудан қалалық іріктеуінен өткендер облыс орталығында 17-20 маусым аралығында биылғы жеңімпазды анықтайды. Ақтық кезеңде волейболдан 10, баскетболдан 10 команда және футболдан 30 команда сынға түседі. Биылғы жүлде қоры да қомақты. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен, грамотамен марапатталса, үздік үштікке енген командаларға диплом мен медальдан бөлек, ақшалай сертификат табысталады. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов: – «J-league» – Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған айтулы жобамыз. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанғ...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026

Бейбіт Исабаев Алакөл жағалауын бекіту жұмыстарының қарқынын үдетуді тапсырды

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл көлінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. Жағалаудың шайылуын болдырмау мақсатында қолға алынған бұл жоба жағаның 14 шақырымға жуық аумағын қамтиды. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары келесі жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Бейбіт Исабаев арнайы мамандармен бірге Ақшиден Көктұмаға дейін катермен жағалау аймақтарын шолып шықты. Екі ауылдағы қоршау бөгеті жүріп жатқан аймақтардағы құрылыс жұмыстарын көрді. Аралау барысында өңір басшысы жұмыс қарқынын үдету, сол сияқты жұмысшылар санын арттыру, жұмыс кестесінің мерзімін сақтау қажеттігін ескертті. Мердігер ұйымдағы учаске бастығы Арман Жеңісқалиевтің айтуынша, бөгет құрылысына бетон төсейтін заманауи техника тартылған. Құрылыс алаңында 150 адам жұмыс істейді, 70 техника бар. Қорғаныс бөгетінің жалпы ұзындығы 14 шақырымға жуықтаса, соның 10,43 шақырымы Ақши ау...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.