ЖАҢАЛЫҚТАР
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады |
| Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Текелі қаласында аулаларды көркейту, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Облыста көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Текелі қаласы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 15 үйдің шатырына күрделі жөндеу жасалып, 14 көп қабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді, – деп атап өтті Бейбіт Исабаев. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында «Алатау» шағын ауданындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерінің есептерін тыңдады. – Текелі қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Бейбіт Исабаев Текелі қаласының әкіміне биыл «Серкесай» экопаркін құру жұмыстарын бастауды тапсырды |
| Жетісу облысында үш экопарк ашу жоспарланған. Соның бірі Текелі қаласында құрылады. Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала әкіміне жалпы аумағы 21 гектарды құрайтын «Серкесай» экопаркін құру жұмыстарын ағымдағы жылы бастауды тапсырды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Текелі қаласының табиғи-рекреациялық әлеуеті туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Президент тапсырмаларын орындау аясында біз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, дербес туризм бөлімі ашылды. Енді осы бағытта нақты шаралар қабылдануы тиіс. Заманауи талаптарға сай жаңа қонақ үйлер мен демалыс орындарын салу керек. Сонымен қатар экологиялық туризмді дамыту аясында «Серкесай» экопаркін құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын және өзге де қажетті құжаттарды әзірлеп, биыл бастау керек. Жалпы, туристік бағытты жандандыру арқылы қала эк... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Текелі қаласында жаңа су электр станциясы салынып, энергокешенді жаңғырту аяқталады |
| Текелі қаласында жаңа су электр станциясы салынуда. «Қора ГЭС-2» ЖШС-нің бұл жаңа жобасының іске асырылу барысымен Текелі қаласына барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Серіктестік директорының орынбасары Петр Тарасенконың айтуынша, жаңа станцияның қуаттылығы 26 МВт болады. Жобаны іске асыруға 9,1 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. — Қазір «Қора-2» ГЭС құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс алаңында 70-тей адам жұмыс істеуде. Нысанның дайындығы шамамен 80 %. Мұнда 3 көлбеу генератор жұмыс істейтін болады. Биыл бірінші генераторды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал жоба толық көлемде 2027 жылы аяқталады, — деді П. Тарасенко. Жалпы, облыстың белгіленген энергетикалық қуаты 333 МВт, соның 271 МВт жаңартылған энергия көздеріне (ЖЭК) тиесілі. Бұл ретте өңірде ЖЭК-тің 19 нысаны бар, соның 15-і жалпы қуаты 147 МВт болатын гидроэлектр станциялары, сон... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Жетісу аспанында парапланнан Әлем кубогы басталды |
| Табиғаты көз тартар «Тау Жетісу» туристік кешенінде жаһанның үздік парапланшылары бас қосты. Ескелді ауданына қарасты Екпінді ауылының маңында орналасқан аймақта үш апта бойы (10-28 маусым) парапланнан Әлем кубогы өтеді. Жарысқа 30 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Ал ел намысын електен өткен 7 саңлақ қорғайды. Әуе спортындағы ең беделді жарыстың Жетісу жерінде өтуі тегін емес. Парапланшылардың жыл сайын Жетісуда жиналып, жарыс өткізуі дәстүрге айналғандай. Әр жарыс – бір тарих. Көптеген парапланшының шеберлігін байқап, айла-тәсілдеріне тәнтіміз. Биыл жанкүйерлер шара аясында «Pre – Srs / Kazakhstan Open» Халықаралық кубогы, дәлдікке қону бойынша параплан спортынан Педро Тирадо кубогы, дәлдікке қону бойынша параплан спортынан чемпиондар лигасының кубогы және параплан спорты бойынша Әлем кубогы және Азия турын тамашалай алады. – Жетісу өңірінің бірегей таулы ландшафты мен қолайлы жағдайы параплан спортын дамытуға толықтай мүмкіндік б... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде апатты үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді |
| Жетісу облысы құрылған кезде Текелі қаласында 22 апатты көпқабатты тұрғын үй болған. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде аталған мәселе толық шешіліп, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қаладағы апатты тұрғын үйден көшірілгендердің бірі Ольга Шинкоренко өз ойын білдірді: — Біз Төле би көшесі, 29-үйде, яғни апатты деп танылған үйде тұрдық. Сол үйде 30 жыл өмір сүрдік. Бір үйде 8 пәтер болатын. Тұрғын үйіміз әбден тозып, құлап тұрған. Әкімдік тарапынан көрсетілген қолдаулардың арқасында жаңа үйге көшірілдік. Көшіп барған пәтерімізге көңіліміз толады, алғысымызды айтамыз, — ол. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Дмитрий Ерофеев, сондай-ақ, фотосуреттер Текелі қаласының әкімдігі ұсынған |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Жетісу облысының Текелі қаласында 176 км су құбыры желілері жаңартылады |
| Жетісу облысында ондаған жылдар бойы өзекті болып келген Текелі қаласын сумен қамту проблемасын шешуге қатысты соңғы үш жылда жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жаңа ұңғымалар бұрғыланып, су резервуарлары мен сүзгілеу станциясы салынды, магистралды су құбырлары желілері тартылды. Биыл қала ішінде жалпы ұзындығы 176 км су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қала халқымен кездесуі кезінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. — Ендігі кезектегі маңызды міндет – қаладағы су құбыры желілерін жаңарту. Осыған байланысты биыл қаланың «Алатау», «Достық», «Кеншілер», «Металлург» шағын аудандарында ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары басталады, — деді Б. Исабаев. Жалпы, облыс көлемінде 329 елді мекен немесе 93% орталық ауыз су жүйесімен қамтылған. Өткен жылы орталық су жүйесіне 4 ауыл – Ала... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Бейбіт Исабаев Текелі қаласының әкіміне абоненттерді газға қосу жұмысын жеделдетуді тапсырды |
| Жетісу облысының Текелі қаласына өткен жылдың желтоқсан айында табиғи газ толық жеткізілді. Дегенмен бүгінге дейін тұрғындардың 32,6%-ы ғана газға қосылған. Осыған байланысты қала тұрғындарымен болған кездесуі кезінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев қала әкіміне абоненттерді газға қосу жұмысын ширатуды тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, 2023-2025 жылдары қалада 194,2 км газ тарату желілері салынып, 187 көпқабатты тұрғын үйге газ құбыры тартылған болатын. Бүгінгі күнге мұнда 1915 абонент газға қосылған, оның 1515-і — жеке тұрғын үй болса, 8-і — көпқабатты тұрғын үйлердегі 400 пәтер. — Қала халқының табиғи газға қосу қарқынын жеделдету керек. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер де, қажетті құралдар да жеткілікті. Сондықтан аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырамын, – деген Бейбіт Исабаев қала басшысына жеке сектор тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді. Бұл рет... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Текелі қаласында жаңадан 30 автобус аялдамасы орнатылуда |
| Текелі қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, биыл 30 жаңа автобус аялдамасын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда автобус аялдамаларын орнатуға арналған 15 алаң дайындалды. Оның ішінде ең ұзын Қонаев көшесі бойында 9 аялдама павильоны толық орнатылды. Қала тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді. — Көшеміз жөнделіп, жол бойына жаңа аялдамалар қойылып жатыр. Аялдамалардың тек сыртқы келбеті көрнекті ғана емес, жаңбырда да, ыстықта да, суықта да жолаушыларға қолайлы болатындай жайлы. Автобустар уақыт-уақытымен жүріп тұр. Жол қатынасынан еш қиындығымыз жоқ. Бізге өмір сүруге керекті қолайлы жағдайлар жасалғанына ризамыз, — текелілік Гүлнар Биқожанова. Жалпы, өткен жылы облыста тұрғын үймен 3 807 отбасы қамтылса, биыл 3 мың адамға үй беру жоспарланған. Же... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды |
| Жетісу облысының Текелі қаласында ең ұзын көше – Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бұл көшенің 19 шақырымы жаңарды. Текеліге барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған жолдың сапасымен танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, Қонаев көшесі жолындағы құрылыс жұмыстары тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Қала әкімі Алмас Әділдің айтуынша, жөндеу биылғы 1 маусымда аяқталды. Яғни көшенің 6 шақырымына күрделі, 13 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Былтыр қала бойынша 21 көшеге жарықтандыру тіректері орнатылса, сол қатарда Қонаев көшесіне көше жарығы қойылды. Бейбіт Исабаев жолдың жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысып, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің өкілдеріне нысанды қабылдау алу алдында жол сапасына тексеру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды. Қаладағы қоғам белсенділері де жол инфрақұрылымын да... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026 |
Көксу жастары тігін шеберлігін меңгерді |
| Көксу ауданының «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен «Koksu jastary» жастар ресурстық орталығы филиалының бірлесуімен жастарға арналған тігіннен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру және тігін өнерінің мүмкіндіктерін таныстыру болды. Шеберлік сағатын тәжірибелі маман Сания Низамединова жүргізіп, қатысушыларға тігін ісінің негізгі қыр-сырын үйретті. Шара барысында жастар мата түрлерін таңдау, оларды дұрыс пайдалану, өлшем алу, пішім жасау және қарапайым бұйымдарды тігу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысып, өз қолдарымен алғашқы туындыларын жасап көруге мүмкіндік алды. Шеберлік сағаты барысында тігін өнерінің тек шығармашылық бағыт қана емес, сонымен қатар табыс көзіне айналдыруға болатын сұранысқа ие кәсіп екендігі айтылды. Жастарға қолөнер са... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026 |
