ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу жастары тігін шеберлігін меңгерді

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 11.06.2026
Оқылды: 27 Печать страницы

 

Көксу ауданының «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен «Koksu jastary» жастар ресурстық орталығы филиалының бірлесуімен жастарға арналған тігіннен шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру және тігін өнерінің мүмкіндіктерін таныстыру болды. Шеберлік сағатын тәжірибелі маман Сания Низамединова жүргізіп, қатысушыларға тігін ісінің негізгі қыр-сырын үйретті.

Шара барысында жастар мата түрлерін таңдау, оларды дұрыс пайдалану, өлшем алу, пішім жасау және қарапайым бұйымдарды тігу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысып, өз қолдарымен алғашқы туындыларын жасап көруге мүмкіндік алды.

Шеберлік сағаты барысында тігін өнерінің тек шығармашылық бағыт қана емес, сонымен қатар табыс көзіне айналдыруға болатын сұранысқа ие кәсіп екендігі айтылды. Жастарға қолөнер саласын дамыту, жеке іс бастау және кәсібін табысты жүргізу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлік негіздері, заманауи бизнес-идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктері және өзін-өзі дамыту бағытындағы маңызды тақырыптар қозғалды. Қатысушыларға еңбекқорлықтың, үздіксіз ізденістің және кәсіби біліктілікті арттырудың маңызы түсіндіріліп, өз қабілеттерін тиімді пайдалану арқылы жетістікке жетуге болатыны айтылды.

Бүгінде тігін және қолөнер саласы сұранысқа ие бағыттардың бірі болып табылады. Осыған орай ұйымдастырылған шеберлік сағаты жастардың жаңа дағдыларды меңгеруіне, шығармашылық әлеуетін дамытуына және болашақ мамандық таңдауда пайдалы тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді.

Осындай тағылымды шаралар жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға және өз мүмкіндіктерін жаңа қырынан тануға жол ашады. Бұл бастамалар жастардың болашақ кәсіби бағытын айқындап, қоғамның белсенді әрі бәсекеге қабілетті азаматы болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

 Өз тілшіміз

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.