ЖАҢАЛЫҚТАР

Алакөлдегі қауіпсіздік: Жетісуда құтқарушылар моторлы қайықпен тәулік бойы кезекшілік етіп, дрондар мен арнайы көліктерді пайдалануда

Алакөл көлінде демалушылардың қауіпсіздігіне соңғы жылдарда ерекше назар аударылуда. Осы мақсатта жағалау аумағындағы тәулік бойы кезекшілікке 14 құтқарушы, 11 моторлы қайық тартылған. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін биылғы маусымда 50 полиция қызметкері жұмылдырылып, олардың қызметіне 16 автокөлік пен 5 дрон пайдаланылуда. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың көл жағалауының шомылу маусымына дайындығын көруге Алакөл ауданына барған сапарында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сол сияқты демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағалау бойында 40 құтқару мұнарасы орнатылып, 13 шақырым буйк желісі тартылды. Сонымен қатар 39 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп, 7 пирс пайдалануға берілген. Алакөл ауданына барған сапарында өңір басшысы Ақши ауылындағы жағалауда орналасқан жедел құтқару жасағының бөлімшесінде болып, ондағы Жедел басқару орталығы жүйесінің жұмысымен танысты. Арнайы мамандар жағалаудағы бейнекамералар мен орталық жүйенің өзара ба...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026

Балқашта туризмді дамыту: Лепсі ауылында жаңа темір жол вокзалы салынуда, полиция пункті жаңғырлытып, аурухана жөнделуде

Жетісу облысында Балқаш жағалауындағы туризмді дамыту бағытында ауылдық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Лепсі ауылында жаңа теміржол вокзалының құрылысы жүріп жатыр, полиция пунктінің ғимараты қайта жаңғыртылып, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен және атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен облыс әкімі Бейбіт Исабаев Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында танысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ең алдымен Бейбіт Исабаев жаңа теміржол вокзалы салынып жатқан құрылыс алаңына барды. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың тамыз айына жоспарланған. Аталған нысан іске қосылғаннан кейін жолаушыларға қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсетуге, өңірдің көлік инфрақұрылымының дамуына оң әсерін тигізеді. Нысанды салып жатқан мердігер ұйым директорының бірінші орынбасары Медет Омархановтың айтуынша, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 45%-ы аяқталған. Іргетастың монолитт...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2026

Жетісуда Балқаш жағалауында осы жазда екі коммуналдық жағажай қолданысқа беріледі

Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Жағалауда үш коммуналдық қоғамдық жағажай салынады, оның екеуін осы жазда пайдалануға беру жоспарланған. Бір мезетте шамамен үш мың адам демала алатын алғашқы жағажай шілде айында пайдалануға берілуі тиіс. Ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапарында танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Коммуналдық жағажайлардың құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілдерімен құрылыс барысын талқылаған өңір басшысы бұл жобаның жүзеге асырылуы көл жағалауындағы туризмді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі екенін атап өтті. – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Балқаш көлінің жағалауындағы туризмді дамыту бағытында бірқатар шаралар қабылдадық. Алдымен бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді. Одан кейін көлге көлікпен жетуге жағдай жасау мен жағалау инф...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2026

Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

Жетісу облысында газ қауіпсіздігін бақылау күшейтілуде. Осы мақсатта мобильді диагностикалық кешендер қолданыла бастады. Аталған заманауи жабдық жер қазу жұмыстарын жүргізбей-ақ жерасты және жерүсті газ құбырларында, тарату желілерінде және тұрғын үй аумақтарында газ шығу жағдайын анықтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай диагностикалық кешендер әзірге еліміздің тек бірнеше өңірінде ғана пайдаланылады. Оларды қолданудың арқасында ықтимал ақауларды дер кезінде анықтап, апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік бар және ол өз кезегінде газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға да ықпал етеді. – Бұл инновациялық жабдық облыс әкімдігінің қолдауымен сатып алынды. Қазіргі кезеңде күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында газ тарату желілерін тексеру жұмыстары Қаратал ауданының аумағында жүргізіліп жатыр. «Пергам» газ талдау құрылғ...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2026

Шомылу маусымы басталып, қауіпсіздік күшейтілді

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде шағын көлемді кемелерді бақылау және қадағалау, сондай-ақ шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Жетісу облыстықТЖДАзаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбек пен төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Елдар Турсунов қатысып, өңірдегі су айдындарындағы ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жаз мезгілі басталысымен өзен-көл жағасына ағылатын демалушылар саны артады. Табиғат аясындағы тынығу әркімге қуаныш сыйлағанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда оның соңы қайғылы оқиғаларға ұласуы мүмкін. Сондықтан су айдындарындағы тәртіп пен сақтық мәселесі үнемі ерекше назарда. Брифинг барысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен жылғы шомылу маусымында облыс аумағында суға кетудің 5 дерегі тіркелген. Оның екеуі бала өмірін қиған. Сонымен қатар құтқарушылар 36 адамды ажалдан арашалап қалған. Құтқарылғандардың 13-і – балалар. Облыстық төтенше ж...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2026

Әлем назары Екпіндіде

Талдықорғандағы жағажай аумағында парапланнан әлем кубогының ашылу рәсімі сән-салтанатпен ерекше өтті. Қонақтар ашық аспандағы ерекше шоуды тамашалап, ән мен биді, соңынан отшашу шоуын көрді. Әлем кубогына 30 елден 100-ден аса спортшы қатысады. Ал еліміздің намысын електен өткен 7 парапланшы қорғайды. Әуелі облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол Жетісу жерінде парапланнан Әлем кубогының өтуін айрықша мәртебе санайтындығын жеткізді. Жетісудың таңдалуы кездейсоқтық емес екенін айтып, жаһаннан жиналғандардың қызығушылығы артып, туризмді дамытудың бір бөлігі болатындығына тоқталды. Артынша парапланнан әлем чемпионы, үздік спортшылардың бірі – ирандық Мохсен Мансури Талдықорған аспанынан түрлі әдіс жасап, тура жағажайға келіп түсті. Жиналғандар әп-сәтте спортшыны қаумалап, қонаққа ыстық ықыластарын білдіріп жатты. Жаһан парапланшыларының алдында беделі бар ирандық: «Жетісудағы табиғаттың сұлулығын бір сөзбен сипаттау...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2026

Көксу ауданында көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

«Алакөл Желтоқсан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың ерлігі мен елдік ұстанымын ұлықтап, тарихи жадты жаңғырту бағытында жұмыс істеп келеді. Бірлестік қайырымдылық шараларын тұрақты өткізіп тұрады. Биыл Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округінің орталығы Көксу ауылында тұратын Ербол Әбілмажіновтің отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл шаңырақта тоғыз бала өсіп келеді. Жақында ғана балалардың анасы өмірден өтіп, отбасының барлық жауапкершілігі жалғыз асыраушы – отағасының мойнына түскен. Сонымен бірге бұл үйде 90 жасқа келген, көру қабілетінен айырылған қарт әже де тұрады. Бірлестік төрайымы Ләззат Мақатқызы бұл шараның мәні терең екенін атап өтті. – Бұл отбасының жағдайын естіген соң қарап отыра алмадық. Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, қиын сәтте адамның жалғыз емес екенін сезіндіру, жанға демеу болу, үміт сыйлау. Бүгінгі игі іске бірлестіктің Жетісу, Алматы, Ақтөбе обл...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

«Ауыл құтқарушылары»: Жетісуда тағы екі өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында тағы екі ерікті өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Өрт сөндіру техникасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, өртке жедел ден қоюға, сондай-ақ өрт ошақтарын тиімді сөндіріп, адамдарды құтқаруға бағытталған нысандар Қаратал ауданындағы Кәлпе және Көпбірлік ауылдарында ашылды. Осылайша өңірдегі мұндай өрт сөндіру бекеттерінің саны төртке жетті. Нысандар жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қанат Алтынбековтің айтуынша, өңірде жалпы саны 26 өрт сөндіру бекетін шалғай елді мекендерде ашу жоспарланған. Оның алғашқы екеуі өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Ал Кәлпе, Көпбірлік ауылдарындағы жаңа бекеттер ашылғаннан кейін олардың саны төртке жетті. Барлық бекеттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда өрт сөндіру техникасы, арнайы киім-кешек, байлан...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

Бейбіт Исабаев инвесторлармен жел электр станциясы құрылысының жобасын іске асыру туралы мәселені талқылады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қытайлық инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 250 МВт болатын жел электр станциясын салу жобасын талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. ҚХР «Envision Energy» инвестор компаниясы жүзеге асыратын жоба аясында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйесі орнатылған заманауи жоғары технологиялық станция салу көзделген. Жобаны Қаратал ауданының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. Жобаның құны – 215 млн АҚШ доллары. Аталған бастаманың жүзеге асырылуы өңірдегі жасыл энергетиканы дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде. Инвестор компанияның қызметі, соның ішінде «ақылды» жел турбиналары мен энергия жинақтау жүйелерін өндіру бағыттары туралы баяндаған компанияның аға вице-президенті Вэй Вэйдің айтуынша, жобаның жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 3200 сағаттан асады деп болжануда. Кезде...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

Жетісу облысында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын дәрігерлер үшін ең ірі төлемдердің бірі - 10 миллион теңге беріледі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Баспасөз мәслихаты барысында ол елдегі және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қорытындыларына тоқталып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады. Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының рекордтық көрсеткіші тіркелген. Бұл көрсеткіш 75,97 жасқа жетіп, бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары деңгейді көрсетті. Жетісу облысында аталған көрсеткіш 75,71 жасты құрап, бір жыл ішінде 0,74 жасқа өскен. Елімізде нәресте өлімінің көрсеткіші де тұрақты түрде төмендеп келеді. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 14 пайызға азайып, тарихи ең төменгі шегіне жетті. Жетісу облысында нәресте өлімі 8,8 пайызға кеміді. Басқа да көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.