ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді |
| ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды. Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді. Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын артты... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026 |
ТЖД ата-аналарға шұғыл үндеу жасады |
| ТЖД ата-аналарға шұғыл үндеу жасады Жетісу облысында жазғы туристік маусымның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңір әкімдігінің қаулысына сәйкес, бүгінгі таңда облыс аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 ресми орын белгіленген. Олардың қатарында Талдықорған қалалық жағажайы, Алакөлдегі Ақши және Көктұма ауылдарының жағалаулары, сондай-ақ Балқаш көлінің жағажай аймағы бар. Демалушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін мамыр айында балалар лагерьлері мен демалыс орындары орналасқан су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстары толық жүргізілді. Жетісу облысы аумағында соңғы күндері су айдындарында балалардың қаза болуымен байланысты төрт қайғылы жағдай тіркелді. Атап айтсақ, Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе су қоймасында 2 бала, Қаратал ауданы, Қаратал өзенінде 2 жасар бала және Балқаш көлінде жабайы жағажайда 3 жасар бала суға кетіп қаза тапты. Бұл жағдайлардың барлығы шомылуға жабдықталмаған орындарда орын алған, ал трагедиялардың басты с... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026 |
Жетісу облысында коммуналдық желілерді жаңғыртуға 78,8 млрд теңге бөлінеді |
| Жетісу облысында коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Ұлттық жоба аясында жалпы құны 78,8 млрд теңгені құрайтын 65 жоба іріктелді. Бұл жобалар электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғыртуға бағытталған. Нәтижесінде тұрғындарды коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету деңгейі артады. 2026 жылдың өзінде жалпы құны 33,5 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде электрмен жабдықтау саласында - 16 жоба, сумен жабдықтау және су бұру бағытында - 5 жоба, ал жылумен жабдықтау бойынша 2 жоба жүзеге асырылады. Қалған 42 жоба, жалпы құны 45,3 млрд теңге, 2027-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде инженерлік желілердің тозу деңгейі едәуір төмендейді деп күтілуде. Атап айтқанда, облыстағы электр желілерінің тозуы 78,5%-дан 67,2%-ға дейін, ал жылу желілерінің тозуы 61%-дан 54%-ға дейін азаяды. Сонымен қатар, Текелі қаласында қазіргі таңда тозу деңгейі 86%-ға... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026 |
Келешегі кемел Басши |
| Басши ауылы Алтынемелдің баурайында орналасқан тарихы терең, табиғаты көркем елді мекен. Бұл ауылдың өткені көнекөз қариялардың әңгімесінде, жер атауларында, ел басқарған азаматтардың еңбегінде сақталған. Бүгінде ырысы тасыған ауылдың тізгінін Мұхит Несіпбайұлы ұстап отыр. Ауылға қосылған үлес Ауыл әкімі Мұхит Несіпбайұлы Басшидің тумасы. Бір шаңырақта жеті бала тәрбиеленген отбасындағы кенже ұл ретінде ол ерте жастан жауапкершілікке үйренді. Орта мектепті бітірген соң ата-анасының аманатымен ауылда қалып, еңбекке араласты. Еңбек жолы қарапайым тракторшылықтан басталды. Бұл оның өміріндегі үлкен мектеп болды. Жердің жайын, судың қадірін, техниканың тілін, ауыл адамының еңбегін сол кезде терең түсінді. Кейін ел басқару ісінде осы тәжірибенің көп пайдасы тиді. 2022 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, бұл қызметте ауыл мен өңір мүддесін көтерді. Басши тұрғындарының ұсынысымен 2024 жылы ауыл әкімі болып сайланды. Демек, тұрғындардың оған сенім артуы елмен етене мінезімен,... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026 |
Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды |
| «Бірлік» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативінің алаңында «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының таныстырылымы өтті. Ауқымды іс-шараға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары, мемлекеттік органдар мен аграрлық бизнес өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жаңа техника үлгілері, дәлме-дәл егіншілік технологиялары және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық құралдармен таныстыру. Қатысушылар John Deere S440 және John Deere W430 астық жинау комбайндарының жұмысын тікелей егіс алқабында көріп, олардың өнімділігі мен техникалық мүмкіндіктеріне баға берді. Сондай-ақ John Deere 5050D тракторының ENOPACK-800 пресс-жинағышының жұмысы көрсетілді. «Бірлік» ӨАШК ғылыми кеңесшісі Андрей Агеенко ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті. – Біз John Deere техни... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026 |
Жетісу облысының шаруашылықтары күздік бидай оруға кірісті |
| Жетісу облысында егін орағы науқаны басталды. Өңір диқандары күздік бидайды жинауға кірісті. Биыл астық дақылдары 65,8 мың га алқаптан жиналмақ. Егін орағына алғашқылардың бірі болып Кербұлақ ауданының шаруашылықтары бастады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқылардың қатарында егістік алқаптарына «Архарлы» ЖШС-нің техникасы шықты. Серіктестік басшысы Төлеген Есембековтің айтуынша, шаруашылық 2014 жылдан бері қарқынды дамып келеді. – Біз бидай, арпа, мақсары өсіреміз. Күздік бидай 850 гектар алқапқа егілген, соның 300 гектары қазірдің өзінде орылып болды. Орташа өнімділік гектарына шамамен 15 центнерден айналып отыр. Шаруашылықта үш комбайн мен астықты жедел тасымалдауға арналған үш жүк көлігі бар. Жиналған астық тікелей Алматы қаласындағы диірмен кешеніне жөнелтіледі. Онда бидайдан ұн тартылып, кейін өздерінің наубайханасында нан өнімдері дайындалып, халыққа сауда орындары арқылы жеткізіледі. Жалпы егін орағы жоспарға сай... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту – тұрақты дамудың негізгі факторы» атты бесінші бағытқа сәйкес Жетісу облысында инфрақұрылымның тозуын төмендету мен басқарудың жаңа моделін құру шаралары белсенді іске асып жатыр. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы келген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков айтты. Өңірде департамент тарапынан 44 табиғи монополия субъектісінің қызметі реттеледі, оның ішінде су шаруашылығы бойынша – 17, жылу энергетикасында – 13, кірме жолдар саласында – 12, электр энергетикасында – 5 және газбен жабдықтау саласында 3 субъекті бар. Есепті кезеңде тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 23 өтінім келіп түсіп, оның ішінде 3 тарифтік смета мен 2 инвестициялық бағдарлама бекітілді, ал 2 өтінім кері қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Арпа, бидай ас екен |
| Кербұлақ ауданында егін ору жұмыстары басталды. Дала еңбеккерлері уақытпен санаспай пісіп-жетілген астықты дер кезінде жинап алу қамына кірісті. Шаруалар егін орағына тыңғылықты дайындалған. Бүгінде егіс алқаптарында заманауи комбайндар мен қажетті техникалар жұмылдырылып, орақ жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондай-ақ жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер қоры алдын ала дайындалған. Мамандардың айтуынша, биылғы ауа райы егіннің қалыпты өсіп-жетілуіне мүмкіндік берген. Сондықтан шаруалар өнімді ысырапсыз жинап, қамбаға құюды басты міндет санайды. Аудан әкімінің орынбасары Бақыткелді Қабидолда егіс алқаптарындағы жұмыстарға тоқталып, өңірдегі егін жинау науқанына қажетті материалдық-техникалық базаның толық дайындалғанын айтып берді. – Аудан бойынша 95 200 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Оның ішінде 27 100 гектары – күздік бидай, 68 000 гектары – жаздық бидай. Сонымен қатар 7 100 гектар жерге майлы дақылдар орналастырылған. Қазіргі таңда Жоламан, Са... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Цифрлық технологиялар мен ЖИ Жетісудағы салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруда |
| «Digital Qazaqstan» 2029 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау технологияларына негізделген әкімшілендірудің платформалық моделін енгізуде. Салықтық бақылаудың дәстүрлі тәсілдерімен қатар, автоматтандырылған камералдық бақылау бизнес үшін алдын алу және қолдау құралына айналып, «ақылды көмекші» қызметін атқаруда. МКК салық төлеушілерге бұзушылықтар ресми түрде анықталғанға дейін анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуге мүмкіндік беретін профилактикалық push-хабарламалар тетігін іске қосты. Атап айтқанда, хабарламалар 2025 жылғы корпоративтік табыс салығы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қосылған құн салығы бойынша мәліметтердегі алшақтықтарды жоюға бағытталған. Цифрлық трансформацияның келесі кезеңі - компаниялардың «цифрлық егіздерін» енгізу. Бұл технология нақты уақыт режимінде қаржылық ағындарды м... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жазғы демалыс кезінде тұтынушылық құқықтарыңыз қорғалады |
| Жетісу облысында жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты шипажайлар мен демалыс аймақтарындағы қызмет сапасын бақылау күшейтілді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жазғы кезеңде де заңдылықтың сақталуын жіті қадағалайтынын мәлімдеді. Жыл басынан бері департаментке тұрғындардан 573-тен астам өтініш келіп түскен. Шағымдарды дер кезінде қараудың нәтижесінде облыс тұрғындарына заңсыз шегерілген немесе қайтарылмаған 20 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сондай-ақ, заң бұзған кәсіпкерлерге 25 әкімшілік хаттама толтырылып, 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Тұрғындар ең көп шағымданатын салалардың көш басында бөлшек сауда 187 арыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 108 шағым және электрондық сауда 52 шағым тұр. Сонымен қатар, көлік қызметі бойынша түскен 21 шағымның басым бөлігі авиабилеттерді қайтаруға қатысты болды. Жазғы демалыс кезінде тұтынушылық құқығыңыз бұзылса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына, 8 (7282) 41-56-1... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
