ЖАҢАЛЫҚТАР

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында облыстық жарыс ұйымдастырылды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 28.05.2026
Оқылды: 29 Печать страницы

 

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында пробация есебінде тұрған жастар мен NEET санатындағы жастар арасында облыстық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шара жастарды спортқа баулу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және құқықбұзушылық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бағытында өткізілді. Турнирге облыстың бірнеше аудан-қалаларынан келген командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Шара барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін де таныта білді. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және қоғамдағы белсенділікті арттыру – турнирдің басты мақсаты болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды спортқа қызықтырып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, психологиялық тұрғыдан серпіліс алуына және қоғаммен тығыз байланыс орнатуына оң әсер етеді. Әсіресе пробация есебінде тұрған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастар үшін спорттық шаралардың маңызы зор.

Турнир өте жоғары деңгейде және тартысты өтті. Әр команда жеңіске жету жолында табандылық танытып, ойын барысында белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Нәтижесінде:

 І орын – Көксу ауданы
 ІІ орын – Ескелді ауданы
 ІІІ орын – Текелі қаласының командасы иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, турнирге белсенді қатысқан жастарға ұйымдастырушылар тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың алдағы уақытта да спортпен тұрақты айналысуына тілектестік білдірілді.

Шара аясында жастармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Мамандар зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі мен синтетикалық заттардың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріп, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндірді. Жастарға спорттың адам денсаулығын нығайтып қана қоймай, өмірге деген құлшынысты арттыратыны ерекше атап өтілді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.