ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде |
| Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қаланы абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Шаһардың сәнін келтіріп, экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың басым бөлігі қазірдің өзінде мәреге жақындап қалды. Бүгінгі таңда ең ірі нысандардың бірі – Қаратал өзенінің жағалауы. Мұндағы 9 гектар аумақты қамтитын жасыл желекті күтіп-баптау үшін заманауи автоматты суару жүйесі орнатылып жатыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта нысанда 40-қа жуық маман мен жұмысшы еңбек етуде. Жобаның ерекшелігі: Тұрақты су көзін қалыптастыру үшін арнайы ұңғыма (скважина) қазылды. Жалпы көлемі 40 мың шаршы метрді құрайтын жасыл газон аумағына 44 магниттік клапан қойылады. Бұл жүйе әр аймақтың қажеттілігіне қарай жеке-жеке және автоматты түрде суаруға мүмкіндік береді. Дәл осындай заманауи жаңбырлатып суару жүйесі қала т... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады |
| Бүгін Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің қатысуымен ауқымды ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Игі шараға облыс бойынша жалпы саны 32 023 түлек қатысты. Мектеп бітіруші жастар туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосып, болашаққа деген ізгі ниеттерін жасыл желек отырғызу арқылы жеткізді. Акция нәтижесінде өңір аумағында 1 352 ағаш және 2 389 гүл көшеті отырғызылды. Сөйтіп мектеп бітірушілердің өз қолдарымен еккен көшеттері олардың туған мектептерімен, балалық шағымен және туған өлкесімен байланысының символына айналды. Іс-шараға арнайы барған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Талдықорғандағы Н. Островский атындағы №8 орта мектеп пен Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп түлектерімен бірге көшет отырғызу рәсіміне қатысты. Кездесу барысында о... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
«Ел мәйегі – мәдениет» атты тағылымды кездесу кеші өтті |
| Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Ел мәйегі – мәдениет» атты тағылымы мол, рухани кеш жоғары деңгейде өткізілді. Тағылымды шараның басты мақсаты – мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өскелең ұрпаққа өнеге болар тұлғалардың өмір жолын таныстыру болды. Кешке мәдениет саласының өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары және аудан тұрғындары қатысып, рухани атмосфераға толы әсерлі сәттердің куәсі болды. Шара барысында ұлттық тәрбие, өнер мен мәдениеттің қоғамдағы орны, руханияттың маңызы жөнінде мазмұнды әңгімелер өрбіді. Кездесу кешінің құрметті қонақтары қатарында Көксу аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлнәз Мырзағалиқызы, өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген Жанғабыловтар отбасы және ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген Шаяхметовтар отбасы болды. Қонақтар мәдениет пен өнер саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық салт-дәстү... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз! |
| Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде азаматтардың аңғалдығы мен мейірімділігін пайдаланатын жаңа алаяқтық схемасы туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл әдіс бұрынғы телефон қоңырауларынан немесе СМС кодтарды сұраудан әлдеқайда қауіпті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Қазіргі таңда қылмыскерлерге сіздің ақшаңыз немесе құпия сөздеріңіз емес, тікелей биометриялық деректеріңіз қажет. Олар адам көп жиналатын қоғамдық орындарда сыпайы киінген, орта жастағы немесе қарт адамдардың кейпінде пайда болып, көмек сұрайды. Мысалы, «зейнетақымның көлемін тексеріп беріңізші», «мына парақшаны жаба алмай жатырмын» немесе «қосымшам неге істемей тұрғанын қарап беріңізші» деген сияқты өтініштер айтады. Сіз телефонды қолыңызға алған сәтте, оның экранында бейнеқоңырау, экран жазбасы немесе бетті тану функциясы қосылып тұрады. Смартфонның екінші жағында отырған адам сіздің әрбір әрекетіңізді бақылайды. Алаяқтықтың ең қорқынышты тұсы – жасанды инте... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026 |
Жетісуда жазғы маусымда 116 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады |
| Жетісу облысында жазғы маусымда 11 қала сыртындағы балалар сауықтыру орталығы (6 мемлекеттік және 5 жекеменшік) мен мектеп жанындағы 299 алаң жұмыс істейді деп жоспарлануда. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуына байланысты өзекті тақырып Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында көтерілді. Биыл өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы 124 мыңнан астам оқушының 116 777-сі жазғы демалыспен қамтылады. Оның ішінде 10 350 бала қала сыртындағы лагерьлерде демалса, жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 494 балаға 454 миллион 580 мың теңге (әр балаға 70 000 теңгеден) бөлінді. Сонымен қатар, 40 000-ға жуық оқушы облыстың көрікті жерлеріне, ұлттық саябақтар мен Алакөл, Балқаш, Қапшағай көлдеріне экскурсиялық саяхаттарға шығады, ал 201 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық орталықтарына жіберіледі. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қат... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026 |
Жетісуда жастардың басын қосатын «STUDENT HUB ZHETISU» әлеуметтік жобасы басталды |
| Жетісу облысында студент жастардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «STUDENT HUB ZHETISU» жаңа әлеуметтік жобасы ресми түрде іске қосылды. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында және облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен қолға алынған бұл бастаманы «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Ауқымды жоба өңірдегі 8 аудан мен 2 қаланы қамти отырып, 1 жоғары оқу орны мен кемінде 22 колледждің студенттік ұйымдарын бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бастама аясында жеті ай ішінде кемінде 1000 студентті жүйелі дамыту шараларына тартып, олардың басқарушылық белсенділігі мен институционалдық қатысуын күшейту жоспарланған. Жобаның басты ерекшелігі – өңірде студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай өңірлік моделін, цифрлық мониторинг және рейтингтік бағалау жүйесін енгізуінде болып отыр. Осы мақсатта Талдықорған қаласында студенттік кеңестерге консульт... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026 |
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді. Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді. Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба. Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған. Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту. |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026 |
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ |
| Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған. Көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік, экономикалық және қалалық мәдениетке ие өркениетті археологиялық, қолжазбалық және архивтік деректер арқылы көрсету. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктер мен шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жетекші ғалым-археологтар, тарихшылар мен шығыстанушылар, сондай-ақ музейлер, музей-қорықтар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты. Бірегей экспонаттар мен ғылыми жаңалықтар:... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026 |
Жетісуда 133 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді |
| Жетісу облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытында фитосанитарлық науқан жалғасып жатыр. Өңірде жалпы көлемі 133 мың гектардан астам жерді өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда фитосанитарлық жұмыстар белсенді кезеңге өтіп, бұл ретте өнімділігі жоғары арнайы техникалар мен заманауи химиялық препараттар қолданылуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір үшін үйірлі зиянкестердің екі түрінен қауіп туындауы болжалған: италиялық прус шегірткесі 66 мың гектардан астам аумақта тіркеліп, өңдеу жоспарланған, ал азиялық көшпелі шегірткеден 25 мың гектар жер өңделеді. Ал үйірсіз зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 42,3 мың гектарды құрайды. Олар аса жылдам таралмағанымен ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөбін азайту шығындарын болдырмау үшін оларды жүйелі түрде жойып отыру қажет. Зиянкестердің егіс алқаптарына таралуына жол бермеу мақсатында өңірде өңдеу жұмыстары мамыр айының басында басталды. Республикалық фитосанитарлық диа... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: 4 қазандық іске қосылып, 1 мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылды |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде Үштөбе, Үшарал, Талдықорған қалалары мен Балпық би ауылында жылу көздерін салу және қайта жаңғырту бойынша 4 жоба іске асырылды. Ал биыл Талдықорған қаласында тағы бір жаңа көшеішілік қазандық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы кезеңде мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылып, олардың тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Әлеуметтік саладағы 35 нысан газға көшірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2022–2025 жылдары Жетісу облысында Балпық би және Қарабұлақ ауылдарында, сондай-ақ Талдықорған, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында 33,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендетілді. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 10,4 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспа... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026 |
