ЖАҢАЛЫҚТАР

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Қоғамда есірткі шегем деп есінен танып, бірсәттік қызық үшін нашаның буына шырмалғандар жыл санап артып келеді. Оң-солын танып үлгермеген жас та, етек-жеңін жиған жасамыс та нашақорлықтың құрсауында шырмалуда. Ең сорақысы синтетикпен сенделіп, есірткіден есі кетіп жүргендердің басым бөлігі жастар. Бүйте берсе өскелең ұрпақ бірсәттік қызық үшін есірткінің құрсауында шырмалып, тағдыры инеге тәуелді болмақ. Сондықтан біз болашақ жастарды ғасыр дертінен қайтсек аман сақтаймыз деген сауалға жауап іздеуіміз керек. СТАТИСТИКА СӨЙЛЕСЕ… Қанша тағдырды талқандаған нәубетке жастардың көптеп шырмалып жатқанына көңіл жүдейді. Ең сорақысы күн өткен сайын есірткі тектес заттардың формасы түрленіп барады. Полиция қызметкерлері де синтетикалық есірткі болашақ ұрпақты сенделтіп жатқанына алаңдаулы. Облыс бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында есірткіге қатысты 57 құқықбұзушылық, 28 қылмыс анықталған. Құқықбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға, қылмыс 16,7 пайызға а...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2026

Жетісуда басқарушы кадрларды даярлау курсы басталды

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалы базасында «AMANAT» партиясы мен Саяси менеджмент академиясының бірлескен модульдік білім беру бағдарламасы өз жұмысын бастады. Аталған жоба жергілікті мемлекеттік басқару және қоғамдық-саяси ұйымдар басшылары мен кадрлық активтің функционалдық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламаға өңір бойынша 135 қатысушы тартылды. Олардың қатарында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ «AMANAT» партиясының облыстық және аудандық филиал қызметкерлері бар. Мұндай кең ауқымды қамту бастаманың өңірлік басқару жүйесіне нақты әсер етуге бағытталғанын көрсетеді. Жобаның басты мақсаты – заман талабына сай, стратегиялық ойлайтын, тиімді шешім қабылдай алатын басқарушылар корпусын қалыптастыру. Бағдарлама дәстүрлі оқыту тәсілдерінен гөрі тәжірибеге негізделіп, нақты нәтижеге қол жеткізуге б...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.04.2026

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Астана қаласындағы №99 орта мектепте заманауи технологиялармен жабдықталған, оқу процесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық білім беру кеңістігі ашылды. TopIQ Smart Class пилоттық жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен енгізіліп отыр. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашық сабақ барысында жаңа жүйенің мүмкіндіктерімен танысты. Сабақта инновациялық сыныптың негізгі функциялары мен білім беру процесіндегі практикалық әлеуеті көрсетілді. TopIQ Smart Class – өзара байланыста жұмыс істейтін смарт үстел, смарт парталар мен смарт тақтадан тұратын біртұтас цифрлық экожүйе. Жүйеде оқу процесін автоматтандыруға және оны әр оқушының білім деңгейі мен жеке ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиялары да қолданылады. Мұның бәрі тиімді, интерактивті әрі дербес білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Аида Балаева білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен жасанды...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі артпақ

Құқық қорғау органдары мопед жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Онда жол қозғалысы ережелерін сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Полиция департаментінің өкілдері жүргізушілерге заңнамадағы санкциялар мен жауапкершілік түрлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-тармағына сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның немесе тиісті санаты жоқ жүргізушінің көлік тізгіндеуі 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бүгінгі есеп бойынша бұл төлемнің мөлшері 86500 теңге. Сонымен қатар, кодекстің 590-бабы 2-тармағы бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз немесе тіркелмеген көлік құралын пайдалануға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (43250 теңге) айыппұл қарастырылған. Бұл талаптарды бұзу көліктің айып тұрағына қойылуына негіз болуы мүмкін. Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 1489 м...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

Қосылған құн салығы кімдер үшін 16%-ға дейін өседі, ал кімдерге жеңілдетілген мөлшерлемелер енгізіледі?

Жыл басында Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендіру жүйесінде елеулі өзгерістер күшіне енді. Негізгі жаңалықтардың бірі ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінің екі есе төмендеуі: енді ол бұрынғы 20 мыңның орнына 10 мың АЕК-ті құрайды. Ағымдағы жылға белгіленген 4 325 теңге мөлшеріндегі есептік көрсеткіш бойынша бизнес үшін шекті айналым 43,25 млн теңгемен шектеледі. Салық төлеушілер осы лимиттен асқаннан кейін бес жұмыс күні ішінде есепке тұру туралы өтініш беруге міндетті, әйтпесе оларға айтарлықтай санкциялар, соның ішінде уақтылы тіркелмегені үшін айыппұл және есепке тұрмай жұмыс істеген бүкіл кезеңдегі айналым сомасының 15%-ын өндіріп алу қаупі төнеді. «Реформа сонымен қатар мөлшерлемелердің сараланған жүйесін енгізеді, онда ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16%-ға дейін артады. Бұл ретте мемлекет әлеуметтік маңызы бар салалар үшін қолдау шараларын сақтап қалады: мәселен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу үшін осы жылдан бастап 5%, ал 2027 жылдан баста...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

Талдықорғанда жыл соңына дейін 7 жаңа әлеуметтік дүкен ашылады

Бүгінгі таңда Талдықорғанда 3 меншікті әлеуметтік павильон және үй маңындағы дүкендерде, агенттік келісім шарттар бойынша 8 дүкен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыс орталығында тағы 7 жаңа әлеуметтік сауда нүктесін іске қосу жоспарлануда. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша екі негізгі тетікті жүйелі түрде жүзеге асыруда. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген несие беруге бағытталған. Бөлінген қаржыға барлығы 4,5 мың тонна өнім сатып алынды. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында сомасы 1,3 млрд теңгеден асатын 1919 тоннадан астам тауар жинақталған. Бағаны тежеудің екінші маңызды құралы өндірушілерге жылдық 0,01% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген несиелер. Осы бағдарлама аясында 8 кәсіпорынға 2 млрд теңге бөлініп үлгерді.
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

Жетісуда балық аулауға тыйым салынды: заң бұзушыларды ірі көлемде айыппұл мен түрме жазасы күтіп тұр

Жетісу облысында уылдырық шашу кезеңіне байланысты 2026 жылғы балық аулау маусымына ресми түрде шектеулер енгізілді. Инспекция мамандары заңсыз аулау фактілері үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жаза қолданылатынын ескертеді. Негізгі тыйым салу мерзімдері: Балқаш көлі, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері: 15 сәуір мен 1 маусым аралығында. Балқаш көлінің шығыс бөлігі: 25 сәуір мен 10 маусым аралығында. Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл және оған құятын өзендер: 25 сәуір мен 16 маусым аралығында (ғылыми орталықтың ұсынысымен мерзім ұзартылды). Қазіргі уақытта Жетісу облысында «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Тәртіп сақшылары мен инспекторлар су айдындарында ғана емес, автожолдарда да арнайы бекеттер орнатып, патрульдеуді күшейтті. Тыйым салынған кезеңде моторлы қайықтардың қозғалысына да шектеу қойылған. Заң бұзушыларды не күтеді? Биыл браконьерлікпен айналысқандар үшін жаза жеңіл болмайды. Жеке тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін, ал ірі кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, өндірісті локализациялау және отандық кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар енгізу мәселелерін талқылады. Премьер-министр аграрлық сектордың өсіп келе жатқан қажеттіліктері ауыл шаруашылығы техникасының тұрақты және болжамды нарығын қалыптастыратынын атап өтті. Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында. Егіс алқаптары шамамен 24 млн гектарды құрайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 трлн теңгеден асып, 6%-дан астамға өсті. Астық жинау 26 млн тоннаға, майлы дақылдар 5 млн тоннаға жетті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының технологиялық әлеуетін дамыту мен оны арттыру мәселесіне айрықша мә...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

БАС ПРОКУРОР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АМЕРИКАЛЫҚ САУДА ПАЛАТАСЫ ӨКІЛДЕРІН ЖӘНЕ ІРІ ИНВЕСТОР КОМПАНИЯЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 23 сәуірде Бас Прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Инвесторлардың пікірлерімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады: https://www.linkedin.com/posts/american-chamber-of-commerce-in-kazakhstan_the-prosecutor-general-of-the-republic-of-activity-7453473040505401345-5Dyz?utm_source=li_share&utm_content=feedcontent&utm_medium=g_mb_web&utm_campaign=copy https://www.instagram.com/p/DXjB9vbAPW8/?img_index=4&igsh=ejd3ZnI5Z3N5M2o0
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026

2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі

2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келеді. 2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады. Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі: «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған; «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған; «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған; «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; «Медиа» – жаңа мед...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.04.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.