ЖАҢАЛЫҚТАР
ТОО «УызМай» ұжымы №245 сайлау учаскесінде дауыс берді |
| Көксу ауданында өтіп жатқан маңызды саяси науқанға түрлі мекеме мен ұйым қызметкерлері де белсенді қатысуда. Солардың қатарында «УызМай» ЖШС ұжымы да бар. Бүгін кәсіпорынның 20 қызметкерінен құралған топ №245 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндеттерін орындап, өз таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері елдің болашағы әрбір азаматтың дауысына байланысты екенін атап өтіп, барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды. «УызМай» серіктестігінің қызметкерлері үшін бұл тек дауыс беру ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі. Ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасау – бірлік пен жауапкершіліктің белгісі. Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенділігі байқалуда. Осындай ұйымшылдық пен азаматтық жауапкершілік елдің жарқын болашағына деген сенімді арттыра түседі. |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу ауданында «Қазақ аруы» Дария Қуатжан дауыс берді |
| Көксу ауданында ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – «Қазақ аруы» атанған Дария Қуатжан. Дария Қуатжан сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық парызын орындап, дауыс берді. Ол елдің болашағы әрбір азаматтың таңдауына байланысты екенін айтып, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды. – Әр адамның дауысы маңызды. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі болашағымыздың негізі. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамай, баршаңызды дауыс беруге шақырамын, – деді ол. Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысуда. Осындай маңызды күні елжанды жастардың да үлгі көрсетіп, азаматтық ұстанымын білдіруі – қоғам үшін үлкен өнеге. |
| Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
«Дауыс беру керуені» — Көксу ауданының көшелерінде жүруде |
| Көксуауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру мақсатында аудан бойынша «Дауыс беру керуені» атты ақпараттық акция басталды. Акция аясында арнайы безендірілген автомобиль аудан көшелерін, ауылдарды және шалғайдағы елді мекендерді аралап, тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне шақыруда. Көлікке «Дауыс бер!», «Болашағыңды өзің ал!» және «Сенің дауысың — елдің тағдыры!» деген ұрандар жазылған. Керуен жолындағы ауылдарда тоқтап, тұрғындарға сайлау күні, дауыс беру орындары, сондай-ақ учаскеге бару тәртібі туралы толық ақпарат беруде. Ерекше назар — алыс және қол жеткізу қиын мекендерге аударылған. «Бұл акцияның мақсаты — дауыс беруге ынталы болу. Əрбір азаматтың дауысы елімізің болашағын анықтайды. Керуен барлық ауылдарды аралап, тұрғындарды тікелей шақырады». — Көксу аудандық сайлау комиссиясының өкілі Автокеруен жұмысы сайлау күніне дейін үздіксіз жалғасады. Ауданның барлық ауы... |
| Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Аудан тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысуда |
| Бүгін аудан бойынша референдумға арналған дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша аудан тұрғындары учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Таңертеңнен бастап-ақ сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Әсіресе, зейнеткерлер мен еңбек ұжымдарының өкілдері ерте келіп, азаматтық міндеттерін орындауда. Дауыс беру учаскелерінде барлық ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп, комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу және түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кейбір учаскелерде келушілерге арналған фотозоналар қойылып, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Жалпы алғанда, аудан бойынша референдумға қатысу белсенді өтіп, тұрғындар ел болашағына қатысты маңызды науқанға жауапкершілікпен қатысуда. |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу ауданындағы республикалық референдум |
| 15 наурыз 2026 жыл, Жетісу облысы, Көксу ауданы– Бүгін, 15 наурызда, Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңызы бар республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға Жетісу облысының Көксу ауданының тұрғындары да белсенді қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосуда. Ауданның барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, азаматтардың еркін таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі және Мұқаншы, Ақтекше, Мұқыры сияқты ірі ауылдардағы сайлау учаскелерінде азаматтардың қарасы қалың болды. Зейнеткерлерден бастап жастарға дейін, әрбір тұрғын өз азаматтық борышын өтеуге асығып, референдумның ел дамуындағы маңыздылығын терең түсінетіндерін көрсетті. Учаскелердегі атмосфера тыныш, ұйымшыл және мерекелік көңіл-күйде өтті. Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, сайлаушыларғаыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу ауданындағы сайлау учаскелері Наурыз мерекесіне орай безендірілді |
| Бүгін, еліміз үшін маңызды референдум күні, Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелері Наурыз мерекесінің жарқын баннерлерімен безендіріліп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама дауыс беру процесіне ұлттық рух пен бірліктің символын қосып, азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, барлық 36 сайлау учаскесінде «Наурыз» мерекесінің тақырыбында арнайы баннерлер ілінді. Оларда қазақтың ұлттық ою-өрнектері, көктемгі гүлдер мен жаңарудың нышандары бейнеленген. Бұл безендіру сайлау учаскелерінің ішкі және сыртқы көрінісін айтарлықтай жақсартып, келушілерге жылы әрі мейірімді атмосфера қалыптастырды. «Бүгінгі референдум – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Осы күнді Наурыз мерекесімен ұштастыру арқылы біз халқымыздың бірлігін, жаңаруға деген ұмтылысын және жарқын болашаққа деген сенімін көрсеткіміз келді», – деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасыБайгабулов Нұрлан Сейлханұлы. &l... |
| Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Жетісу облысында 2026 жылдың басынан бері 11 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді |
| Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде 37 құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Оның ішінде 20 есірткі қылмысы анықталса, олардың қатарында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өткізу және сақтау деректері бар. Бұған қоса, заңсыз айналымнан 11 келіден астам түрлі есірткі заттары, атап айтқанда, марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер тәркіленді. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 21 азамат ұсталды, оның ішінде үшеуі есірткі жасырумен айналысқан. Құқық қорғау органдары «Кибербақылау», «Антифрод» және «Аргус» сияқты цифрлық құралдарды пайдалана отырып, есірткі таратумен байланысты 577 сайтты, 183 банктік шотты, сондай-ақ мыңдаған шетелдік шоттар мен криптоәмияндарды бұғаттады. Бұл бағыттағы жұмыстар есірткі саудасының виртуалды алаңдарын жабуға бағытталған. Облыста есірткіге тәуелді 234 адам есепте тұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2026 |
Маңызды саяси таңдау күні |
| 15наурыздаеліміздетарихимаңызызорреспубликалықреферендумөтеді.БұлкүніҚазақстанхалқыжалпыхалықтықдауысберуарқылымемлекетіміздіңболашағынақатыстымаңыздышешімқабылдамақ.Референдумдаазаматтардыңназарына:«Жобасыбұқаралықақпаратқұралдарында2026жылғы12ақпандажарияланғанҚазақстанРеспубликасыныңжаңаКонституциясынқабылдайсызба?»дегеннақтысауалұсынылады.Осылайшаелдіңкелешекдамубағытынаықпалететінмаңыздытаңдаужасауқұқығыхалықтыңөзінеберіліпотыр. БүгінгітаңдаҚазақстанқоғамыжаңакезеңгеқадамбасып,мемлекетіміздіңсаясижүйесімен дамубағытыжаңашасипаталатынуақытқажетті.Бұл–уақытталабынантуындағанәріхалықтыңсұранысынажауапберетінмаңыздыөзгерістердіңбірі. Конституция –кезкелгенмемлекеттіңбастықұжаты,елдіңқұқықтықнегізінқалыптастырып,қоғамөмірініңбарлықсаласынайқындайтыннегізгізаң.СондықтанжаңаАтазаңдықабылдаумәселесіәрбіразаматүшінүлкенжауапкершіліктіталапетеді. Әділәрідемократиялықмемлекетқұру–баршақазақстандықтардыңортақмақсаты.Мұндаймемлекеттеәразаматқатеңмүмкіндікбер... |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2026 |
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу |
| Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі. Сессия қатысушыларына жасалған негізгі үндеудің өзегі есірткі қатеріне қарсы күресте жоғары технологиялық әдістерге көшу болды. Бұл бағыттағы бірегей үйлестіру жүйесі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмыстың қаржылық инфрақұрылымын жоюға шоғырлануға мүмкіндік берді. Мұндай қарсы іс-қимыл халықаралық сипатқа ие болды, өйткені қазақстандық тараптың сұрауы бойынша шетелдік банктердегі 260 мың күмәнді шотқа шектеу қойылды. Соңғы бес жылда уәкілетті органдар 400-ден астам есірткі зертханасын жойып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 147 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде көлемі 13 тоннадан асатын рекордтық кокаин партиясы... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.03.2026 |
Перформанс «Көксу – Жаңа Конституцияның толқыны» |
| Көксу ауданында ерекше форматтағы перформанс өтті. Аудандық мәдениет үйінің оркестрі ұлттық киімде қазақтың күйлерін орындап, аудан орталығына кіреберіс жол бойында және өзен жағасында өнер көрсетті. Бұл әсерлі сәттер дрон арқылы түсіріліп, Көксу өзенінің әсем көрінісі, Лабасы мен Шаған тауларының табиғатымен үйлесім тапты. Ұлттық өнер мен табиғаттың үндестігі – ел бірлігі мен Жаңа Конституцияның маңызын айшықтай түсті. |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.03.2026 |
