Көксу ауданында өтіп жатқан маңызды саяси науқанға түрлі мекеме мен ұйым қызметкерлері де белсенді қатысуда. Солардың қатарында «УызМай» ЖШС ұжымы да бар.
Бүгін кәсіпорынның 20 қызметкерінен құралған топ №245 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндеттерін орындап, өз таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері елдің болашағы әрбір азаматтың дауысына байланысты екенін атап өтіп, барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
«УызМай» серіктестігінің қызметкерлері үшін бұл тек дауыс беру ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі. Ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасау – бірлік пен жауапкершіліктің белгісі.
Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенділігі байқалуда. Осындай ұйымшылдық пен азаматтық жауапкершілік елдің жарқын болашағына деген сенімді арттыра түседі.
