15 наурызда елімізде тарихи маңызы зор республикалықреферендум өтеді. Бұл күні Қазақстан халқыжалпыхалықтық дауыс беру арқылы мемлекетіміздіңболашағына қатысты маңызды шешім қабылдамақ. Референдумда азаматтардың назарына: «Жобасыбұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген нақтысауал ұсынылады. Осылайша елдің келешек даму бағытына ықпал ететін маңызды таңдау жасау құқығыхалықтың өзіне беріліп отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы жаңа кезеңге қадамбасып, мемлекетіміздің саяси жүйесі мен даму бағытыжаңаша сипат алатын уақытқа жетті. Бұл – уақытталабынан туындаған әрі халықтың сұранысына жауапберетін маңызды өзгерістердің бірі. Конституция – кезкелген мемлекеттің басты құжаты, елдің құқықтықнегізін қалыптастырып, қоғам өмірінің барлық саласынайқындайтын негізгі заң. Сондықтан жаңа Ата заңдықабылдау мәселесі әрбір азамат үшін үлкенжауапкершілікті талап етеді.
Әділ әрі демократиялық мемлекет құру – баршақазақстандықтардың ортақ мақсаты. Мұндаймемлекетте әр азаматқа тең мүмкіндік беріледі. Теңмүмкіндіктер дегеніміз – қоғамдағы кез келгенжетістікке адал еңбекпен, білім мен қабілет арқылыжету. Жаңа Конституция осы меритократия қағидаттарының орнығып, қоғамда әділдік пен ашықтықтың нығаюына жол ашуды көздейді.
Осындай жауапты кезеңде халықтың референдумғабелсенді қатысуы ерекше маңызға ие. ӨйткеніКонституцияға енгізілетін өзгерістердің тағдыры, елдіңертеңгі даму бағыты халықтың дауыс беру нәтижесінетікелей байланысты. Жалпыхалықтық референдум – тек саяси науқан ғана емес, ол азаматтардың ел тағдырынадеген жауапкершілігін, саяси мәдениетін және белсендіазаматтық ұстанымын көрсететін маңызды қадам.
Еліміздің алдында тұрған түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шешу үшін қоғаммен мемлекет бірлесіп әрекет етуі қажет. Мемлекетбасшысы осы күрделі мәселелерді тиімді шешіп, ел дамуын жаңа деңгейге көтеру мақсатында осындаймаңызды қадамға барып отыр. Алдағы референдум – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын, болашақтың берік іргетасын қалайтын маңызды тарихиоқиға.
Бәріміз бірлік пен ынтымақ танытып, ортақ мақсатқажұмылсақ қана әділетті, дамыған және болашағыжарқын Қазақстанды бірге құра аламыз. Сондықтан 15 наурыз күні туған елінің ертеңіне бейжай қарамайтынәрбір азаматты референдумға қатысып, өз таңдауынжасауға шақырамыз. Әр дауыс – ел болашағы үшінмаңызды.
Мақсат АЛҒАҰЛЫ
