ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады |
| Жетісу облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың кезекті науқаны биыл 16 наурыздан басталады. Бұл туралы Талдықорған қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері айтты. 2025 жылы әскерге шақыру көктемгі және күзгі кезеңдерде жоспарлы тәртіппен жүргізілді. Биыл облыстан көктемгі шақыру науқанына 800-ден астам азамат шақырылса, Талдықорған қаласынан 200 азамат әскерге шақырылмақ. Олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады. Әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған. Азаматтарға жеке шақырулар және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Сонымен қатар Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің электронды поштасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы азаматтар қажетті ақпара... |
| Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.03.2026 |
Жетісудағы цифрлық серпіліс: Жасанды интеллект медицина мен қауіпсіздік саласына жаппай енгізілуде |
| Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-маслихатында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бүгінгі таңда өңірде ЖИ элементтері медициналық диагностикадан бастап жол қауіпсіздігі мен білім беруге дейінгі әртүрлі салаларда кеңінен қолданыла бастады. Атап айтқанда, өңірдің 16 медициналық ұйымында PACS жүйесі енгізілді, оның аясында 1 миллионнан астам медициналық кескін өңделді. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2026 жылға қарай инсульт орталықтарында КТ зерттеу нәтижелерін автоматты түрде талдайтын CEREBRA AI жүйесін іске қосу жоспарлануда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша Жедел басқару орталығына 20 мыңнан астам бейнебақылау камерасы біріктірілді. 2025 жылы 33 жерде бет-әлпетті тану функциясы бар TARGET-AI жүйесі іске қосылды. Осы жоба аясында тағы 6,5 мыңнан аст... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.03.2026 |
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ҚОҒАМ МЕН ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР |
| Конституциялықреформатуралысөзболғанда,көпшіліконыалыс,күнделіктіөмірденбөлекнәрседепқабылдайды.Алайдабұлөзгерістер—нақтыадамдардыңтұрмысына,отбасыларға,жастардыңарман-мүддесінетікелейқатысты.Ауданымыздыңтұрғыныретіндеәрқайсымызосыреформаныңнақтыжемісінсезінеміз. Тұрғындардыңәлеуметтіккепілдіктерінығайды Реформабарысындаазаматтардыңәлеуметтікқұқықтары—денсаулықсақтау,білімалу,тұрғынүй—конституциялықдеңгейденығайтылды.Бұлжайғанасөземес:мемлекетосысалаларғажауапкершілігінзаңжүзіндемойындады.Ауылдықжерлердемедициналыққызметсапасынарттыру,мектептерменбалабақшалардыжеткіліктіқамтамасызетуміндеттеріендімемлекеттіңтікелейконституциялықміндеттемесінеайналды. Азқамтылғанотбасылардықолдау,мүмкіндіктерішектеуліазаматтардыңқұқықтарынқорғаумәселелерідереформадаерекшеорыналады.Халықтыңосалтоптарынамемлекеттарапынанқолұшынберу —гуманистікқоғамныңбелгісі. Жастарға—жаңамүмкіндіктерменжауапкершілік Конституциялықреформаныңеңмаңыздыжеңімпаздарыныңбірі&mdas... |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.03.2026 |
Болашаққа қадам жасалды |
| Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілікті арттыруға бағытталған негізгі реформалар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді. Нәтижесінде ұжым мүшелеріне жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы ақпарат беріліп, оның қоғам дамуына және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға тигізетін маңызы атап өтілді. |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.03.2026 |
Түсіндірме жұмыстар жүргізілді |
| Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында Көксу аудандық өнер мектебінің ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілікті арттыруға бағытталған негізгі реформалар туралы кеңінен айтылды. Нәтижесінде, қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат алды, оның қоғамның дамуына және әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін арттыруға тигізетін оң әсері жөнінде пікір алмасылды. |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.03.2026 |
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етуде: бұл салада 4,5 млн қазақстандық еңбек етеді |
| Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары экономикалық белсенділіктің артуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етуде. Ресми статистикаға сәйкес, шағын және орта бизнес секторы (ШОБ) тұрақты өсім көрсетіп, ел экономикасындағы рөлін күшейтіп келеді. 2025 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (39,3%) 1,2 пайыздық тармаққа ұлғайып, 40,5% - ға жетті. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі әсерінің бірі жұмыспен қамтудың өсуі болып қала береді. ШОБ секторында бүгінде 4,5 млн адам жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4% - ға артық (4,37 млн адам). Бұл экономикадағы әрбір екінші жұмысшының барлығы дерлік шағын және орта бизнеспен байланысты дегенді білдіреді. Кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтерді өндіруге қосқан үлесі де айтарлықтай өсті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2025 жылғы үшінші тоқсанда 73,1 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 28% - ға артты (57,1 трлн тең... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.03.2026 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің басты заңы |
| Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің ең басты әрі маңызды заңы. Ол еліміздің құқықтық негізін қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Бұл күн елімізде мемлекеттік мереке – Конституция күні ретінде аталып өтеді. Конституцияда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені көрсетілген. Сонымен қатар онда әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік биліктің құрылымы, заңдардың орындалу тәртібі нақты жазылған. Ата заңымыз елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізі болып табылады. Ол қоғамдағы әділдік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Конституцияның арқасында елімізде заң үстемдігі сақталып, әр азаматтың құқықтары қорғалады. Қазақстан халқы үшін Конституция – тәуелсіздіктің, бірліктің және болашаққа деген сенімнің символы. Сондықтан әрбір азамат Ата заңды құрметтеп, оның талаптарын орындауы т... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.03.2026 |
Салауатты өмір салты – жақсы көңіл күй |
| «Салауатты өмір салты – жақсы көңіл күй» тақырыбында диалогтық алаң ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Шара соңында жастар салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңызы зор екендігін атап өтті. |
| Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.03.2026 |
Даму жолындағы бастама |
| Көксу ауданының Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары туралы айтып, олардың өңірдің дамуына тигізетін әсері жөнінде ой бөлістік. Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасы аясындағы өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл бастамалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Аталған реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Кездесу барысында тұрғындарға ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіріп, олардың ауылдың дамуына тигізер пайдасына тоқталдым. |
| Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.03.2026 |
Даму жолындағы бастама |
| Бүгін Көксу ауданының Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың өңірдің дамуына тигізетін ықпалы туралы жан-жақты пікір алмастық. Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылған өзгерістер қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Мұндай реформалар өңірлердің дамуына жаңа серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені анық. Бүгінгі кездесуде де аталған өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталып, олардың ауыл-аймақтың дамуына тигізетін оң әсерін атап өттім. Халықпен тұрақты байланыста болу – біздің басты міндетіміздің бірі. Тұрғындардың әрбір пікірі мен ұсынысы ауданның дамуына негіз болатыны сөзсіз. |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.03.2026 |
