Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында Көксу аудандық өнер мектебінің ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілікті арттыруға бағытталған негізгі реформалар туралы кеңінен айтылды.
Нәтижесінде, қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат алды, оның қоғамның дамуына және әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін арттыруға тигізетін оң әсері жөнінде пікір алмасылды.
