Бүгін Көксу ауданының Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың өңірдің дамуына тигізетін ықпалы туралы жан-жақты пікір алмастық.
Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылған өзгерістер қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Мұндай реформалар өңірлердің дамуына жаңа серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені анық.
Бүгінгі кездесуде де аталған өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталып, олардың ауыл-аймақтың дамуына тигізетін оң әсерін атап өттім.
Халықпен тұрақты байланыста болу – біздің басты міндетіміздің бірі. Тұрғындардың әрбір пікірі мен ұсынысы ауданның дамуына негіз болатыны сөзсіз.
