ЖАҢАЛЫҚТАР

Даму жолындағы бастама

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 10.03.2026
Оқылды: 54 Печать страницы
Даму жолындағы бастама

Көксу ауданының Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім.

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары туралы айтып, олардың өңірдің дамуына тигізетін әсері жөнінде ой бөлістік.

Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасы аясындағы өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл бастамалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Аталған реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Кездесу барысында тұрғындарға ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіріп, олардың ауылдың дамуына тигізер пайдасына тоқталдым.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.