ЖАҢАЛЫҚТАР

Болашаққа қадам жасалды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 11.03.2026
Оқылды: 25 Печать страницы

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілікті арттыруға бағытталған негізгі реформалар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді. Нәтижесінде ұжым мүшелеріне жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы ақпарат беріліп, оның қоғам дамуына және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға тигізетін маңызы атап өтілді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.