ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының 18:00-дегі түсіндірмесі

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Көксу ауданында референдум аясындағы дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасауда. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының айтуынша, күні бойы аудан тұрғындары жоғары белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне келіп азаматтық борыштарын орындауда. Барлық учаскелерде байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытқа дейін заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмысын жалғастырады. Жалпы, Көксу ауданында референдум тыныш әрі ұйымшыл жағдайда өтіп, тұрғындар өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Әр дауыс – ел болашағына үлес

Көксу ауданында республикалық референдумға әр жас санатының азаматтары белсенді қатысуда. Солардың қатарында өз өмір тәжірибесімен бөлісіп жүрген зейнеткерлер де бар, олардың әрқайсысы еліміздің болашағына деген қамқорлығын көрсетіп, сайлау учаскесіне келуде. Алғабас ауылдық округі, №233 сайлау учаскесінде өз азаматтық борышын орындаған Оразбаева Тоғжан Кабдолдановна дауыс берді. Ол үшін бұл тек таңдау емес, болашаққа деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі. – «Мен бүгін өз ойымды білдіру үшін келдім. Елдің тағдырына қатысты шешімдерде шет қалмау – әр азаматтың парызы», – дейді зейнеткер. Сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған, қызметкерлер әр сайлаушыға көңіл бөліп, қажетті көмектерін көрсетуде. Әрбір дауыс – ел тағдырына қосылған ұшан-теңіз үлес.
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көпбалалы ана өз таңдауын жасады

Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында көпбалалы ана, алты баланың анасы, оның ішінде үшемдерді тәрбиелеп отырған Әскербек Ардагүл де бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосты. Көпбалалы ана үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше екенін атап өтті. – «Біз болашақты балаларымыз үшін құрып жатырмыз. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын», – дейді Әскербек Ардагүл. Учаскеге келген тұрғындар көпбалалы ананың белсенділігін жоғары бағалап, оның бұл қадамы жастарға үлгі екенін айтты. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымшыл жағдайда өтуде. Аудан тұрғындары белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының 13:00-дегі түсіндірмесі

Сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Көксу ауданында референдум аясындағы дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, дауыс беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасының айтуынша, аудан тұрғындары таңғы уақыттан бастап белсенділік танытып, учаскелерге келіп өз таңдауларын жасауда. Барлық учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс берудің ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы сайлаушыларға қолайлы жағдайлар қарастырылған. Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жалғасуда. Көксу ауданының тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Кәсіпорын ұжымы дауыс берді

Бүгін Көксу ауданында республикалық референдум аясында азаматтар белсенділік танытуда. Солардың бірі – ТОО «Көксу қант зауыты» ұжымы. 30 қызметкерден тұратын топ Балпық би ауылы, №238 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Ұжым мүшелері дауыс беруге келіп, өз азаматтық борыштарын орындап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетті. Комиссия қызметкерлері қажетті барлық жағдайды жасап, сайлаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етті. – «Бүгінгі референдум – ел болашағына қатысудың маңызды мүмкіндігі. Біз өз таңдауларымызды жасап, қоғамдағы азаматтық жауапкершілігімізді көрсеттік», – дейді зауыт қызметкерлерінің бірі. Көксу ауданында референдум күні барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Референдумға қоғам көшбасшылары белсенді қатысуда

Бүгін Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға тек қарапайым тұрғындар ғана емес, ауданымыздың қоғамдық пікір көшбасшылары де белсенді қатысуда. Сайлау учаскесінде өз дауысын берген Ж. Жексенбинов қоғамдағы әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол: «Бүгінгі референдум – әрбір азаматтың ел тағдырына қатысуына мүмкіндік беретін маңызды сәт. Біз өз даусымызды беріп, жастарға үлгі көрсетіп жатырмыз», – деді. Сол сияқты, С. Базиловта дауыс беруге келіп, өз пікірін білдірді: «Қоғам көшбасшысы ретінде мен өз міндетімді орындап, азаматтық борышымды атқардым. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы керек», – деп атап өтті. Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі қалыпты ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда. Қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуы жастарға үлкен үлгі болып, референдумға қатысуға ынталандырушы факторға а...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көксуда Азия чемпионы дауыс берді

Бүгін Көксу ауданындағы №236 сайлау учаскесінде өз дауысын беруге белгілі спортшы, 22 мәрте Азия чемпионы армрестлингтен, Абдуали Тастанов келді. Спортшы өз азаматтық борышын орындап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. – «Әр азаматтың дауыс беруі маңызды. Біз өз таңдауымыз арқылы қоғамның дамуына үлес қосамыз. Сондықтан мен де өз дауысымды беруге келдім», – деді А. Тастанов. Спортшының учаскеге келуі тұрғындарға үлкен әсер қалдырды. Көксу тұрғындары бүгінгі референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. Референдум күні ауданымызда тыныш және ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтық белсенділік жоғары деңгейде сақталуда.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Еңбек Ері мен олимпиада жүлдегерінің анасы таңдау жасады.

Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова мен олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Ырысжан Теңізбаева Жаркент қаласындағы №735 дауыс беру учаскесінде дауыс берді. Дала аруы атанңан Күләш апамыз еліміздегі саяси және қоғамдық маңызды оқиғалардан еш қалыс қалған емес. Қара жердің қадірін білетін Еңбек Ері- Атазаңымыздағы өзгерістерді жоғары бағалайтынын айтады. “Конституцияда- Жер және жер ресурстары халықтың меншігі” деді . Бұдан артық сөз барма. Біз жер жыртып, жүгері егіп осындай бақытты сәтке қол жеткіздік. Бірлік пен ырыс бар жерде әрдайым қуанышты сәттер бола бермек. Өзің үшін, ұрпағың үшін дауыс беру, еліміздің бастамасына ат салысу баршамыздың міндетіміз” деген батыр ананы дауыс беруге келген тұрғындар құрмет көрсетіп, ақ батасын алуға асықты. Ал Ырысжан Теңізбаева бүгінгі жасаған таңдауым немерелерімнің болашағы дейді. Ел құрметінe бөленген қос ақ жаулықты аналар өз таңдауларын жасағанын айтып, өзгелерді де осынау саяси науқаннан...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы — демократияның берік іргетасы

Аудандық филиал төрағасы Мусахметов Ақжан Ахылбекович атап өткендей, коалицияның басты міндеті — сайлаушыларға дауыс беру процесі туралы объективті ақпарат жеткізу және олардың конституциялық құқықтарын еркін пайдалануына жағдай жасау. "Біздің мақсатымыз — Көксу ауданының әрбір сайлаушысы өз дауысын саналы түрде берсін деген тілек. «Дауыс» коалициясы тәуелсіз байқаушы ұйым ретінде сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды.— Мусахметов Ақжан Ахылбекович, «Дауыс» коалициясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Филиал сайлау алдындағы кезеңде ауданның барлық учаскелік сайлау комиссияларымен тығыз байланыста жұмыс істеп, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттық кездесулер өткізуде.Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы — демократияның берік іргетасы.Ақжан Ахылбекович тұрғындарға сайлауға қатысудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, дауыс берудің процентін...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті, —деп, хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. — Елдің азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституциямыз бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауысымды бердім. Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев. Айта кетейік, өңірдегі сайлау құқығына ие адамдардың саны 437 мыңнан асады, оның 2600-ге жуығы — алғаш рет дауыс берушілер. Облыста 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде. Олардың 40-ы — әскери бөлімдер, шекара заставасы, медициналық мекемелер мен пенитенциарлық жүйелер мекемелері сияқты дауыс берушілердің белгілі бір бөлігіне арналған нысандар. Сайлау учаскелеріні...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.