Көксу ауданында республикалық референдумға әр жас санатының азаматтары белсенді қатысуда. Солардың қатарында өз өмір тәжірибесімен бөлісіп жүрген зейнеткерлер де бар, олардың әрқайсысы еліміздің болашағына деген қамқорлығын көрсетіп, сайлау учаскесіне келуде.
Алғабас ауылдық округі, №233 сайлау учаскесінде өз азаматтық борышын орындаған Оразбаева Тоғжан Кабдолдановна дауыс берді. Ол үшін бұл тек таңдау емес, болашаққа деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі.
– «Мен бүгін өз ойымды білдіру үшін келдім. Елдің тағдырына қатысты шешімдерде шет қалмау – әр азаматтың парызы», – дейді зейнеткер.
Сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған, қызметкерлер әр сайлаушыға көңіл бөліп, қажетті көмектерін көрсетуде. Әрбір дауыс – ел тағдырына қосылған ұшан-теңіз үлес.
