Бүгін Көксу ауданында республикалық референдум аясында азаматтар белсенділік танытуда. Солардың бірі – ТОО «Көксу қант зауыты» ұжымы. 30 қызметкерден тұратын топ Балпық би ауылы, №238 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.
Ұжым мүшелері дауыс беруге келіп, өз азаматтық борыштарын орындап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетті. Комиссия қызметкерлері қажетті барлық жағдайды жасап, сайлаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етті.
– «Бүгінгі референдум – ел болашағына қатысудың маңызды мүмкіндігі. Біз өз таңдауларымызды жасап, қоғамдағы азаматтық жауапкершілігімізді көрсеттік», – дейді зауыт қызметкерлерінің бірі.
Көксу ауданында референдум күні барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда.
