Бүгін Көксу ауданындағы №236 сайлау учаскесінде өз дауысын беруге белгілі спортшы, 22 мәрте Азия чемпионы армрестлингтен, Абдуали Тастанов келді. Спортшы өз азаматтық борышын орындап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
– «Әр азаматтың дауыс беруі маңызды. Біз өз таңдауымыз арқылы қоғамның дамуына үлес қосамыз. Сондықтан мен де өз дауысымды беруге келдім», – деді А. Тастанов.
Спортшының учаскеге келуі тұрғындарға үлкен әсер қалдырды. Көксу тұрғындары бүгінгі референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Референдум күні ауданымызда тыныш және ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтық белсенділік жоғары деңгейде сақталуда.
