ЖАҢАЛЫҚТАР
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ |
| Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын ла... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2026 |
Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды: грант саны 80-ге артты |
| 1 сәуірден бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау науқаны ресми түрде басталды. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдарламаларына 200-ге жуық адам, ал докторантураға 12 адам қабылданады деп жоспарлануда. Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда магистратураға арналған мемлекеттік грант саны 80-ге жуық артты. Үміткерлер 1 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта өтініш бере алады. Биылғы оқу жылының басты жаңашылдықтарының бірі – «ЕМВА – Іскерлік-әкімшілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» сияқты жаңа білім беру бағдарламаларының енгізілуі. Сонымен қатар, бірнеше бағыттардың ғылыми-педагогикалық бағытқа ауысуына байланысты «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» бағдарламалары бойынша оқу мерзімі 2 жылға дейін ұзартылды. Ал «Адами ресурста... |
| Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.04.2026 |
Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты |
| Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласына (Әзербайжан) жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық қабылдауына, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінің үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне қатысты. Әзербайжан Президентімен өткен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды. Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ыстық сәлемі мен шынайы лебіздерін жеткізді. Екі ел басшыларының парасатты әрі сындарлы саясатының арқасында екіжақты ынтымақтастық нығая түсетіні атап өтілді. Бұл тұрғыда Қазақстан Үкіметі өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және ЖИ сияқты басқа да негізгі салалардағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге бар күш-жігерін салуда. *** Түркі мемлекеттері ұйымы үкіметтері басш... |
| Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.04.2026 |
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды |
| 2026 жылы облыста тек инфрақұрылымды жаңартуға ғана емес, халықты қолдауға да басымдық берілуде. Талдықорған қаласы мен аудандарда электр және жылу желілері жаңартылып, сумен жабдықтау жүйелері жөнделіп, тазарту құрылыстары жаңартылуда. Сонымен қатар, халыққа арналған тарифтер уақытша төмендетілді: су бойынша - 9,1%, газ бойынша - 10,7%. 1 сәуірге дейін сумен және жылумен жабдықтауға арналған әлеуметтік нормаларды қолдану да уақытша тоқтатылды. Маңыздысы, есепті кезеңде тарифтер көтерілген жоқ. 44 табиғи монополия субъектісіне қадағалау жүргізіледі. Осы уақыт аралығында тарифтерді өзгертуге 23 өтініш келіп түсті, олардың бір бөлігі бекітілді, қалғандары қаралу үстінде. Тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына ерекше көңіл бөлінеді. 51 шағымның жартысынан көбі тұтынушылар пайдасына шешілді. Соның нәтижесінде халыққа 8,2 млн теңге қайтарылды. Санкцияларсыз да болмады: «Жетісу Су Құбыры» 3,46 млн теңге көлемінде айыппұлға тартылды, анықталған бұзушылықтар жойылды. Облыст... |
| Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.04.2026 |
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде |
| Жетісу облысында көктемгі егіс науқаны қызып жатыр. Биыл аймақ аграршыларын қолдау үшін «Кең дала» бағдарламасы аясында 10,8 миллиард теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 184 шаруа қожалығы 4,5 миллиард теңгеден астам қаражатты иеленіп, жұмысқа кірісіп кетті. Бұл туралы Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Қайрат Әлімқұлов БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – төмендетілген пайыздық мөлшерлемесінде. Шаруалар несиені небәрі жылдық 5 пайызбен ала алады. Қаржыны қайтару мерзімі де егін жинап, өнімді өткізіп болғаннан кейінгі уақытқа, яғни келесі жылдың 5 наурызына дейін созылған. Бұл диқандарға егін сатудан түскен табыс есебінен қарызды еш қиындықсыз жабуға мүмкіндік береді. Көптеген ұсақ шаруашылықтар үшін несие алудағы басты кедергі – кепіл мүлкінің жетіспеушілігі. Биыл бұл мәселе де шешімі... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.04.2026 |
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде |
| Жетісу облысында көктемгі егіс науқаны қызып жатыр. Биыл аймақ аграршыларын қолдау үшін «Кең дала» бағдарламасы аясында 10,8 миллиард теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 184 шаруа қожалығы 4,5 миллиард теңгеден астам қаражатты иеленіп, жұмысқа кірісіп кетті. Бұл туралы Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Қайрат Әлімқұлов БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – төмендетілген пайыздық мөлшерлемесінде. Шаруалар несиені небәрі жылдық 5 пайызбен ала алады. Қаржыны қайтару мерзімі де егін жинап, өнімді өткізіп болғаннан кейінгі уақытқа, яғни келесі жылдың 5 наурызына дейін созылған. Бұл диқандарға егін сатудан түскен табыс есебінен қарызды еш қиындықсыз жабуға мүмкіндік береді. Көптеген ұсақ шаруашылықтар үшін несие алудағы басты кедергі – кепіл мүлкінің жетіспеушілігі. Биыл бұл мәселе де шешімі... |
| Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.04.2026 |
Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді |
| Жетісу облысында кене энцефалитінің алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап жаппай дезинсекция жұмыстары басталады. Эпидемиологиялық маусымның алғашқы екі аптасында өңірде 13 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Мамандардың мәліметінше, облыс бойынша Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақтарға жатады. Өткен жылы кене шағудың 824 жағдайы тіркелген. Қазіргі таңда медициналық ұйымдар кене энцефалитіне қарсы вакцина мен иммуноглобулин қорымен толық қамтамасыз етілген: Вакцина қоры: 5537 мөлшер, иммуноглобулин қоры: 12,357 литр, шаққаннан кейін 3 күн ішінде енгізу тиімді. Тұрғындар көп жиналатын саябақтарда, өзен жағалауларында және тау етектерінде жалпы көлемі 230 гектар жер өңделеді. Талдықорған қаласында дезинсекциялық жұмыстар 8 сәуірде басталып, бірінші кезеңі 28 сәуірге дейін жалғасады. Екінші кезең маусым айына жоспарланған. Кене энцефалит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын а... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.04.2026 |
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі |
| 2025 жылдың соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінде кадр саясатын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 бұйрығымен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу тәртібіне қатысты жаңа тәсілдер бекітілді. Бұл құжат – кезекті нормативтік акт қана емес, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашық, әділ және кәсібилікке негізделген жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Әкімшілік мемлекеттік лауазым – тек қызметтік мәртебе емес. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін, азаматтардың өмір сапасына әсер ететін басқарушылық шешімдер қабылданатын жауапты сала. Сондықтан мұндай лауазымдарға іріктеу үдерісінің әділ әрі тиімді болуы мемлекеттік басқарудың сапасына тікелей әсер етеді. Аталған құжатдәл осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Құжатта «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымда... |
| Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.03.2026 |
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты |
| 28 наурыз күні Қазақстан бойынша, соның ішінде Жетісу облысында да әлемдік экологиялық бастама — Жер сағаты акциясы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды. Биылғы акцияның басты тақырыбы – елдегі экотуризмді дамыту болды. Осыған орай, Жетісу облысында табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында өңірдегі мемлекеттік органдар, коммуналдық мекемелер мен ірі кәсіпорындар бір сағатқа жарықты өшіріп, экологиялық бастаманы қолдады. Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ «Талдықорған Көркейту», «Когер ЛТД», МК «KazSilicon», «Кайнар-АКБ», «Alacem», «Grindstone», «ПРОМОТХОД Development», «STS-Astana NS», &... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.03.2026 |
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды |
| Бүгін Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру шаралары өткізілді. Бұл іс-шараларға 7300-ге жуық адам қатысып, соның нәтижесінде 450 гектар аумақ тазартылып, 2,2 мың ағаш көшеті отырғызылды. Бұл ретте «7 OZEN» экологиялық акциясы Көксу, Ескелді, Кербұлақ аудандарын қамтып, Көксу өзенінің арнасы тазаланды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Экологиялық акцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың айтуынша, «7 OZEN» акциясы аясында әр сенбі сайын өңірдегі бір өзеннің арнасы тазаланады. - Өткен сенбіде екі аудан мен екі қаланың аумағынан ағып жатқан Қаратал өзенінің жағалауы тазаланды. Ал бүгін Көксу өзенінің арнасын тазалау жұмыстарын Көксу ауданынан бастап, одан әрі Ескелді, Кербұлақ аудандарында жалғастырдық, 700-ден астам ағаш ектік. Осы тазалық шараларына қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Біз ең алдымен өзіміз маңайымызды таза ұстауымыз кер... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.03.2026 |
