ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық басталды

Жетісу облысында 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай оқыту және ақпараттық іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбек хабарлады. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздік шараларына және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ өңірдің қауіпсіздік жүйесін нығайту. Жетісу облысының аумағында бүгінгі таңда 5 химиялық қауіпті нысан тіркелген. Олардың үшеуі Талдықорған қаласында орналасса, қалған екеуі Алакөл және Қаратал аудандарында жұмыс істеп тұр. Мамандар бұл нысандардағы химиялық заттардың мөлшері мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда зардап шегуі мүмкін тұрғындардың саны алдын ала есептеліп, соған сәйкес қорғаныс жоспарлары құрылған. Қазіргі заңнама талаптарына сәйкес, мұндай нысандардың маңындағы халықты жеке қорғаныс құралдарымен, атап айтқанда газқағарлармен қамтамасыз ету - басты міндет. Осы мақ...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Тәуелсіз Қазақстанның басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бұл құжат мемлекетіміздің саяси жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі заң болып табылады. Уақыт талабына сай Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ел дамуының жаңа кезеңін бастады. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайтылды. Бұл – демократиялық қағидаттардың тереңдей түсуіне жол ашатын маңызды қадам. Сонымен қатар, адам құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалды. Әрбір азамат заң алдында тең. Әлеуметтік әділдік, сөз бостандығы, қоғамдық бақылау сияқты ұстанымдар жаңа мазмұнмен толықты. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді арттырып, халықтың мемлекет ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Жаңа Конституция – тек заңнамалық құжат емес, ол – болаш...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026

Даму жолындағы жасалған әрекет

Көксу ауданы әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов Айнабұлақ және Алғабас ауылдық округтерініңтұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру және тұрғындармен ашық пікір алмасу болды. Жиын барысында реформалардың негізгі бағыттары, олардың өңірлердің дамуына әсері, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері кеңінен айтылды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, абаттандыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытында ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі конституциялық реформалар әділетті, ашық және халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар ұсыныстар бақылауға алынды. Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындар...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026

АТА ЗАҢДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТАРАЗЫЛАНДЫ

Аудандағы сапар барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері «Уыз Май Индастри» ЖШС-ның еңбеккерлерімен жүздесті. Кездесуде коалиция мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өңірлік коалиция өкілдері Құрметбек Сансызбай, Ришад Тұрғанбай және Ермек Егінбаевтар саяси үдеріс турасында жан-жақты ақпарат беріп, жаңа Ата заңдағы жаңашылдықтарды жіпке тізген моншақтай тәпсірледі. Алғысөзде Ғалиасқар Сарыбаев жаңа Конституциялық жобаға сәйкес, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалады. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, сот төрелігінің тәуелсіздігі және құқық қорғау жүйесінің ашықтығы – жаңа редакциядағы негізгі басымдықтардың бірі. Сонымен қатар, Конституциялық Сот институтының енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын тікелей қорғау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі нақты қадам е...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ БИЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция өкілдері Көксу және Қаратал аудандарында болып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Жаңа Конституция жобасын түсіндірушілер бірінші аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Көксу ауданындағы кездесуде жалпыұлттық коалиция мүшесі ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өңірлік коалиция өкілдері Құрметбек Сансызбай, Ришад Тұрғанбай және Ермек Егінбаевтар сөз сөйлеп, жаңа Ата заңдағы тың үдерістерді ортаға салды. Кездесу барысында ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен әңгіме арқауына айналды. Коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – әділ қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті нақтылау м...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026

Жаңашылдыққа бүгіннен бастап

Қазақстан халқы үшін Конституция – мемлекеттіліктің тірегі, тәуелсіздіктің тұғыры. Еліміздің басты заңы алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Содан бері Конституция уақыт талабына сай жаңарып, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беріп келеді.Соңғы жылдары Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың саяси жүйеге белсенді қатысуын арттыруға, әділ қоғам құруға бағытталды. Бұл өзгерістер билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтіп, Парламенттің рөлін арттырды. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді. Атап айтқанда: Конституциялық Сот құрылды; Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі айқындалды; Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілді; Өлім жазасына толық тыйым салынды. Жаңа конституциялық реформалар – «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар елдің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың пікірін ескеруге негізделді. Халықтың...
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026

2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы

2026 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуы қамтамасыз етілді. 2026 жылғы1 наурыздағы жағдай бойыншареспубликалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы113,7құрады, бюджетке2979,0 млрд. теңгетүсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны677,5 млрд. теңгенемесе129,4%. Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы(КТС)бойынша өсу қарқыны116,9%(+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы(ҚҚС)бойынша138,8%(+428,6 млрд. теңге) құрады. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды. Айта кету керек, мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі2025 жылдың 4 тоқсаны үшінбірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді. Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпа...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026

Қайрат Рысқұлбеков – ел намысын ту еткен қайсар тұлға

КөксуаудандықкітапханасындаҚайратРысқұлбековтыңтуғанына60жылтолуынаорай«Елнамысынтуеткенқайсартұлға»аттытағылымдыкешұйымдастырылды.Шараныңбастымақсаты–Желтоқсанқаһарманыныңерлігінұлықтап,жасұрпақтыңбойынаотансүйгіштікпенұлттықрухтысіңіруболды. КешбарысындакітапханақызметкерлеріҚайратРысқұлбековтыңөміржолыменазаматтықұстанымытуралымазмұндыбаяндамажасап, 1986жылғыЖелтоқсаноқиғасыныңтарихимаңызынатоқталды. Елтәуелсіздігіжолындақайсарлықтанытқанжасбатырдыңерлігіменөрмінезікеңіненнасихатталды. ШарааясындаЖелтоқсаноқиғасынаарналғандеректібейнефильмкөрсетіліп,қатысушыларсолбірқилыкезеңніңкөріністерінтамашалады.Бейнежазбакөрермендергеерекшеәсерқалдырып,тарихқадегенқұрметсезімінарттырды. Кешкекітапханаоқырмандарықатысып, батыррухынатағзыметті.Қатысушыларпатриоттықөлеңдероқып,өзой-пікірлеріменбөлісті.Жастарелтәуелсіздігіжолындақұрбанболғанқаһармандардыңесіміұмытылмайтынынатапөтті. Тағылымдышара елтарихынатағзыметугеүндеп,ҚайратРысқұлбековтыңқайсаррухы–...
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КЕПІЛІ

Еліміздің саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – Жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл құжат – мемлекеттің дамуын айқындайтын, халықтың еркін білдіретін негізгі заң. Конституция – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін темірқазық. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам құру, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру. Конституцияға енгізілген түзетулер билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, Парламенттің рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталды. Бұл – демократиялық қағидаттарды тереңдетудің айқын көрінісі. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, Конституциялық Сот құрылды. Бұл азаматтардың өз құқықтарын қорғаудағы мүмкіндігін арттырады. Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені тағы бір мәрте нақтыланып, әлеуметтік әділдік қағидалары бекітілді. Жаңа Конституция – тек заңнамалық өзгеріс қана емес, ол – қоғам санасының жаңғыруы. Әрбір азамат ел тағд...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026

Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, Ата Заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі. Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді. Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы мүддесін ескере отырып қабылданады. Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды. Мемлекет бала мүддесін бірінші орынға қоюға міндеттеледі.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.02.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.