Еліміздің саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – Жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл құжат – мемлекеттің дамуын айқындайтын, халықтың еркін білдіретін негізгі заң. Конституция – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін темірқазық.
Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам құру, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру. Конституцияға енгізілген түзетулер билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, Парламенттің рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталды. Бұл – демократиялық қағидаттарды тереңдетудің айқын көрінісі.
Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, Конституциялық Сот құрылды. Бұл азаматтардың өз құқықтарын қорғаудағы мүмкіндігін арттырады. Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені тағы бір мәрте нақтыланып, әлеуметтік әділдік қағидалары бекітілді.
Жаңа Конституция – тек заңнамалық өзгеріс қана емес, ол – қоғам санасының жаңғыруы. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, белсенділік танытуы тиіс. Өйткені Конституция – барша халықтың ортақ келісімі мен сенімінің айғағы.
Біз Жаңа Конституцияны қолдай отырып, тұрақты, әділетті әрі қуатты Қазақстан құру жолында бірлесе еңбек етуіміз қажет. Болашақ – бірлікте, даму – заң үстемдігінде.
Сабина Мұқтарқызы
