Қазақстан халқы үшін Конституция – мемлекеттіліктің тірегі, тәуелсіздіктің тұғыры. Еліміздің басты заңы алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Содан бері Конституция уақыт талабына сай жаңарып, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беріп келеді.Соңғы жылдары Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың саяси жүйеге белсенді қатысуын арттыруға, әділ қоғам құруға бағытталды. Бұл өзгерістер билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтіп, Парламенттің рөлін арттырды. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді.
Атап айтқанда:
- Конституциялық Сот құрылды;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі айқындалды;
- Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілді;
- Өлім жазасына толық тыйым салынды.
Жаңа конституциялық реформалар – «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар елдің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың пікірін ескеруге негізделді. Халықтың референдум арқылы өз таңдауын жасауы – демократияның айқын көрінісі.
Жаңа Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын кепілдік. Елдің тұрақтылығы мен өркендеуі Конституцияның мызғымас қағидаларына сүйенеді. Сондықтан әрбір қазақстандық Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын орындауы – ортақ міндет.Еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болсын!
Қайрат Құдайберген
