ЖАҢАЛЫҚТАР

АТА ЗАҢДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТАРАЗЫЛАНДЫ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 03.03.2026
Оқылды: 36 Печать страницы

 

Аудандағы сапар барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері «Уыз Май Индастри» ЖШС-ның еңбеккерлерімен жүздесті. Кездесуде коалиция мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өңірлік коалиция өкілдері Құрметбек Сансызбай, Ришад Тұрғанбай және Ермек Егінбаевтар саяси үдеріс турасында жан-жақты ақпарат беріп, жаңа Ата заңдағы жаңашылдықтарды жіпке тізген моншақтай тәпсірледі.

Алғысөзде Ғалиасқар Сарыбаев жаңа Конституциялық жобаға сәйкес, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалады. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, сот төрелігінің тәуелсіздігі және құқық қорғау жүйесінің ашықтығы – жаңа редакциядағы негізгі басымдықтардың бірі. Сонымен қатар, Конституциялық Сот институтының енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын тікелей қорғау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі нақты қадам екенін атап өтті.
 – Жаңа Конституция – бұл жай ғана заңнамаға енгізілген өзгерістер емес. Бұл – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың үні естілетін, әділетті қоғам құруға бағытталған нақты қадам. Біз бүгін халықпен кездесіп, әр ұсыныс пен пікірді тыңдауды басты міндетіміз деп санаймыз. Себебі мемлекет пен қоғам арасындағы сенім – ашық диалог арқылы қалыптасады, - деді спикер. 

Ермек Егінбаев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл реформаларын таныстырып, цифрлық технологияларды қолдану, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жиын соңында спикерлер ұжым мүшелерін тағдыршешті сәтте ел болашағына дұрыс таңдау жасап, 15 наурызда референдумға келіп, жаңа Конституцияға дауыс беруге шақырды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.