ЖАҢАЛЫҚТАР
Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі |
| Қазақстан үшін Конституция – жай ғана заң емес. Ол – халықтың тағдыры, мемлекеттің бағыты, ұлттың ертеңі. Сондықтан Ата Заңның жаңа жобасы қоғамда үміт пен күдікті қатар оятқаны заңды. Көпшілікті ойландырған негізгі мәселелердің бірі – 9-баптың 2-тармағы. Онда «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Бұл норма «ана тіліміздің қолданысына кері әсер етуі мүмкін» деген пікір туғызып отыр. Қоғамда тілге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлардың да осы тармақпен байланысты айтылуы тегін емес. Сонымен қатар, Ата Заңның 43-бабында болашақта ел Президентінің қазақ тілін еркін меңгеруі міндеттелсе, 22-баптың 2-тармағында әр азаматтың ана тілін, ұлттық мәдениетін пайдалануға және кез келген тілді еркін таңдауға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Демек, Конституция ешкімнің құқығын шектемейді, елімізде әр адам қысымсыз өмір сүруіне толық мүмк... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026 |
"Заң мен жастар" тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті |
| Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен жастар» тақырыбында түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамалар туралы ақпарат беріліп, жастардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. ???? Шара соңында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы тренинг ойыны ойнатылды. Ойын барысында жастар құқықтық жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін білдіріп, заң аясында дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Шара заңға деген құрметті арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.02.2026 |
Ветеринария саласын жаңғыртуға биыл 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ |
| Облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында биыл 16 жаңа блокты-модульді пункт, 4 ветеринариялық станция мен 10 мал қорымын салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға бюджеттен 845 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін өңірдегі 129 сібір жарасы көміндісінің қоршауларын бетонға ауыстыру жұмыстары толық аяқталады. Бүгінгі таңда 65 нысан бетонмен қоршалып үлгерді, қалған 64 нысан бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Инфрақұрылымдық дамумен қатар, биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін 11,8 миллион манипуляция жасау көзделген. Профилактикалық шаралар ақпан айында басталып, қазіргі уақытта мамандар қажетті вакциналардың 46%-мен қамтамасыз етілді. Биылғы жоспарда пастереллез бен қарасан сияқты ауруларға қарсы екпе көлемі 10,9%-ға азайтылды. Саланы цифрландыру және жабдықтау жұмыстары соңғы екі жылдағы нәтижелер негізінде жалғасуда. 2023-2025 жылдар аралығында өңірде 67 жаңа... |
| Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026 |
Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті |
| Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні қарсаңында Жетісу облыстық көпсалалы клиникасы өңірдегі онкологиялық қызметтің өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Бүгінде облыстың 700 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін орталық дертті ерте анықтау мен емдеу сапасын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылы диспансерлік есепке алынған 1 407 науқастың 67 пайызында, яғни 934 жағдайда ауру ең ерте сатысында анықталған. Қазіргі уақытта клиникада жалпы саны 7 775 науқас есепте тұрса, олардың 65 пайызы бес жылдан астам уақыт бойы бақылауда болып, нәтижелі ем алып келеді. Дертті дер кезінде анықтау мақсатында жыл бойы «Ашық есік күні» өткізіліп, халық тексеруден өтті. Нәтижесінде 98 ісікке дейінгі жағдай мен 29 қатерлі ісік нышаны ерте анықталып, пациенттерге жедел көмек көрсетілді. Сонымен қатар, тек скринингтік тексерулердің өзі 143 жаңа жағдайды анықтауға мүмкіндік берді. Инфрақұрылымды дамыту бағытында өткен жылы клини... |
| Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026 |
Жетісуда биыл 10 ірі әлеуметтік гранттық жоба іске асырылады |
| Жетісу облысында 2026 жылы мемлекеттік жастар саясатын, отбасы институтын және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобалар кешені бастау алады. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын бұл бастамалар өңір жастарының әлеуетін арттыруға, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға негізделген. Билік орындары бұл жобалардың тек уақытша шара емес, 2028 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Бағдарламаның ең басым бағыттарының бірі – ауыл жастарын қолдау және жұмыссыздықпен күрес. Жоба аясында жыл сайын 1 000-нан астам жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, үздік стартап иелеріне 3 миллион теңге көлемінде 10 қайтарымсыз грант беріледі. Өтінім қабылдау: қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 жұмыс күні ішінде 3 мен 23 аралығында, ұзақ мерзімді гранттар бойынша 20 жұмыс күні ішінде 3 ақпан мен 2 наурыз аралығында https://cisc.kz/ru/projects/ сілтемесі арқылы беруге болады. Жастардың бо... |
| Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026 |
Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті |
| Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен Конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық институттардың рөлін арттыру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Штаб мүшелері тарапынан толыққанды түсіндірме берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді. |
| Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026 |
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ КЕҢЕСІ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ |
| Жетісу облыстық филиалында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңесі кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық басқармалар басшылары, партия мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2026 жылға жоспарланған көрсеткіштерінің орындалуы туралы мәселелері қаралды. Кеңес барысында Жетісу облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы сондай-ақ Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшылары, орынбасарларының есептері тыңдалды. Мәселен, Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшысы орынбасары Айдос Кунесбаевтың айтуынша; «2025 жылы өңірде жалпы 240 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге 69 нысанның құрылысы 2026 жылға ауысты. Жобалау жұмыстары бойынша 40 жобаға сараптама қорытындысы алынып, 19 жоба келесі жылға өткізіліп отыр. Биылғы жылы о... |
| Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.02.2026 |
«Конституция – менің қорғаным» атты плакаттар байқауы өтті |
| М.Құрманов атындағы орта мектепте оқушылар арасында «Конституция – менің қорғаным» тақырыбында плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Ата Заңның маңызын кеңінен түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, Конституцияның адам өміріндегі рөлін айқындайтын мазмұнды әрі көркем плакаттар ұсынды. Жұмыстарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңның үстемдігі, әділ қоғам құру қағидаттары және бейбіт өмірдің кепілі ретіндегі Конституцияның маңызы жан-жақты көрініс тапты. Қатысушылар өз ойларын сурет арқылы шебер жеткізіп, Конституцияның әрбір азамат үшін сенімді қорған, тұрақтылық пен бірліктің негізі екенін көрсете білді. Қазылар алқасы оқушылардың идеялық мазмұнына, шығармашылық ізденісіне және көркемдік шешіміне ерекше назар аударды. Аталған шара оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, ел бол... |
| Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.02.2026 |
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ |
| 2026 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосудың басты мақсаты Қазақстанда жарияланған жаңа Конституция жобасы аясында ғылым, білім, адами капитал және инновацияның мемлекет дамуының стратегиялық өзегіне айналуын талқылауға арналды. Жиын барысында ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформалардың мазмұнын ғылыми-эксперттік деңгейде қарастырып, Ата Заңда ұсынылып отырған өзгерістерді талқылады. Бұған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, академиктер қатысты. Іс-шараны Академияның президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы жүргізіп, еліміздің дамуындағы тарихи кезең — Ата Заңға енгізілетін жаңа өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды. Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде: «Қазір біз мемлекетіміздің дамуындағы тарихи кезеңді бастан өткізудеміз. Еліміздің жаңа Констит... |
| Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026 |
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. |
| «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық құрылыс басқармасының, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есептері тыңдалды. |
| Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026 |
