ЖАҢАЛЫҚТАР

"Заң мен жастар" тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 14.02.2026
Оқылды: 31 Печать страницы

 

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен жастар» тақырыбында түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамалар туралы ақпарат беріліп, жастардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

???? Шара соңында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы тренинг ойыны ойнатылды. Ойын барысында жастар құқықтық жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін білдіріп, заң аясында дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді.

Шара заңға деген құрметті арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.