ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды. ▫️ Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады. Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі д...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Ақпараттық топ мүшелері халыққа түсіндірме жұмыс жасады

Бүгін ақпараттық топ мүшелері «Көксу қант зауыты» ЖШС әкімшілігімен «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, ел дамуына ықпалы және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ашық форматта сұрақ-жауап алмасты. Мұндай кездесулер – билік пен қоғам арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ашық диалог алаңын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Дүниежүзілік сайлау күні

5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және Лабасы ауылдық округі сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен «Сайлау комиссияларының тиімді жұмысының негізгі қағидаттары ретінде кәсібилік пен алқалылық» тақырыбында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараның басты мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасуға қолайлы орта қалыптастыру болды. Сонымен қатар, бұл турнир сайлау комиссияларының қызметіндегі бірлік, жауапкершілік пен өзара қолдау секілді маңызды құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Турнирге аудан аумағындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен белсенділікті көрсетті. Жарыс барысында командалар тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынып, өзара...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

Жетісу облысында қысқы кезеңде автомобиль жолдарының қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Облыс аумағындағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 4 019 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 034 км, жергілікті маңызы бар жолдар – 2 985 км. Ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2 758 шақырым. 2025-2026 жылдарға облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға жалпы 554 млн теңге қарастырылған. Атап айтқанда, 2025 жылға – 290 млн теңге, 2026 жылға – 264 млн теңге бөлінді. Қысқы күтіп-ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын 5 мердігер мекеме жүзеге асыруда. Тайғаққа қарсы материалдарға қажеттілік 4 900 тонна болса, жанар-жағар май қоры 205 тонна. Сонымен қатар, қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстарына 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қысқы кезеңдегі жедел әрекет ету мақсатында облыстық әкімшілік полиция басқармасы, төтенше жағда...
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.02.2026

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының мәлемдемесі

2026жылдың4 ақпаны, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі 1.«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Конституциялық комиссия әзірлеген Жаңа Конституция жобасын қолдайды. 2.Аталған жоба Мемлекет басшысының өз өкілеттігіне сайланған алғашқы жылдан бастаған бірқатар реформаларының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн деп санаймыз. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Президенттің 2019 жылдың желтоқсанында «Парламенттік оппозиция туралы» заңды қабылдау жөніндегі тапсырмасы болды. Осы бастаманың нәтижесінде 2020 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы 2012 жылы әзірлеген аттас заң жобасын қабылдау мүмкін болды, бұл парламенттік қызметті реформалаудың, ашық көппартиялық пікірталасты қамтамасыз етудің бастауына айналды. Бүгінде «Ақ жол» фракциясы көптеген мәселелер, соның ішінде Үкімет Есебі бойынша баламалы түрде сөз сөй...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.02.2026

Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ

Үнзила Шапақ:Конституция мен халықаралық құқықтың арақатынасын белгілеу – еліміздіңтұтас құқықтық жүйесінің іргетасын нығайтады Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторыҮнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді. Оныңтүсіндіруінше,халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу,толықтыру жәнеүйлестіру қағидаттарына негізделеді.Осыған орай, ұсынылып отырғанКонституция жобасындахалықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелеркөзделді. «Осылайша, 5-баптың 1-тармағытуралы қысқашатұжырымдап айтсам, ҚазақстанРеспубликасыхалықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше онықолданылатынқұқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретіндемойынд...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Артур Ластаев: Қазақстанның зайырлы сипатын жаңа Конституцияда бекіту қалыңдық алып қашуға қарсы күресті күшейтеді

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы – бұл барлық келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның жетінші отырысында мәлімдеді. Артур Ластаев жаңа Конституция жобасы ашық жарияланғанға дейін ұзақ және қажырлы жұмыс жүргізілгенін атап өтті. «Бірнеше ай бойы белсенді талқылау. Жұмыс тобында да, біздің Комиссия отырыстарында да. Секцияларда да қызу пікірталастар болды, нақты дәлелдер келтіріліп, диспуттар өтті. Бірақ мақсатымыз ортақ болды – мемлекетімізді одан әрі дамытудың теңгерімді стратегиялық құжатын дайындау», — деді ол. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл отырыстардың онлайн форматта көрсетілгенін, осылайша, қазақстандық мемлекеттіліктің ең жоғары негізі жабық емес, кабинет ішінде емес, барынша ашық түрде әзірленін атап өтті. «Комиссия салмақты және жан-жақты сараланған жобаны дайынд...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Жетісу облысындағы су шаруашылығы: жаңа инфрақұрылымдық жобалар мен заманауи технологиялар

Жетісу облысында 2024–2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес су шаруашылығындағы 37 нысанды қайта жаңғырту және жөндеу жобалары іске асырылады. Аталған жобалардың нәтижесінде шамамен 80 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуы жақсарып, қосымша 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде суару каналдарындағы судың шығыны 35 пайызға дейін азаяды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясын енгізуді 79,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, өңірде су жинау құрылыстарын салу аясында жалпы сыйымдылығы 157 млн текше метрді құрайтын 7 жаңа су қоймасын салу көзделген. Олар «Быжы», «Балықты», «Бүйен», «Қорғас», «Тышқан», «Өсек», «Покатиловка» су қоймалары. Республикалық бюджет есебінен Қызылағаш суару алқабын салу жұмыстары жүргізілуде, нысанды 2026 ж...
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағыттал...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Меритократия - мемлекеттік қызметке қабылдау мен ілгерілеудің нақты қағидаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік аппараттың жоғары кәсіби жұмысының маңыздылығын бірнеше мәрте атап өтіп, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты жаңа міндеттер қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығынасәйкес,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» мемлекеттік қызметті дамыту қағидатының бірі– меритократия,яғнимемлекеттік қызметке іріктеу және қызметі бойынша ілгерілету сіңірген еңбегіне, құзыретіне және кәсіби дағдыларына негізделеді деп көрсетілген. Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік басқару жүйесімеритократия қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің өзіндік үлгісі қалыптастыра алды. Үміткерлер мемлекеттік қызметтегі өзінің кәсіби қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әр...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.01.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.