ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу су айдындарында мұздың жұқаруына байланысты қауіп күшейді

Жетісу облысының аумағында ауа райының құбылмалылығы мен температураның күрт өзгеруіне байланысты су айдындарындағы мұз қабаты тұрақсыз болып, адам өміріне нақты қауіп төндіруде. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдегі өзен-көлдерде жұқа және әркелкі мұз жамылғысының қалыптасуына байланысты қауіпті жағдай сақталып отыр. Әсіресе Алакөл, Балқаш көлдері, сондай-ақ облыстағы кішігірім су қоймалары мен өзендер ерекше бақылауға алынды. Мамандар мұздың қалыңдығы біркелкі емес екенін, көптеген тұстарда ойықтар, жарықтар мен борпылдақ құрылымдар пайда болғанын ескертеді. Әсіресе өзен сағалары, көпір асты және қамыс өскен аумақтар өте қауіпті деп танылды. Жыл сайын дәл осы кезеңде балықшылар мен балалардың бекімеген мұз үстіне шығу фактілері жиі тіркеледі. Департамент өкілдері сырттай тығыз көрінген мұздың өзі қауіпсіздікке кепілдік бермейтінін, оның беріктігі тек қалыңдығына ғана емес, құрылымына да байланысты екенін алға тартады. Қазіргі таңда құтқарушыла...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2026

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

Өңірдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауымы конституциялық жаңғыру жөніндегі ашық диалогты қолдады Аида Балаева: Білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің жоғары құндылықтарының қатарына енгізілді Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті.Іс-шара«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен түсіндіру диалогы форматында ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева қатысты. Өз сөзінде Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа парадигмасын айқындайтынын атап өтті. Бұл парадигмада адам және оның қадір-қасиеті алдыңғы орынға шығып, зияткерлік әлеует стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады. «Ключевой смысл проекта нов...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.02.2026

Жетісуда 16,7 миллиард теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылғы қызметінің қорытындысын жариялап, 2026 жылға арналған басым міндеттерін атап өтті. Онда аудитпен қамтылған қаражат көлемі 34,8 млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген 65 аудиторлық іс-шараның нәтижесінде жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды. Анықталған олқылықтардың ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 12,3 млрд теңге болса, тікелей қаржылық бұзушылықтар 4,4 млрд теңгеге жетті. Қаржылық тәртіпті қалпына келтіру бағытында 3 млрд теңгеден астам қаражат қайта өндіріліп, қалпына келтірілді. Департамент тарапынан аудит нысандарына 63 нұсқама жолданып, нәтижесінде 52 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2026 жылға арналған басым міндеттер ретінде Департамент мемлекеттік аудитті толықтай электрондық форматқа көшіруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуді және салынған әкімшілік айыппұлдардың бюджетке 100% өндірілуін, анықталған қаржылық бұзушылықтар со...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.02.2026

Кадрлық резерв – елге адал қызметтің кепілі

Мемлекеттік қызмет – мен үшін тек лауазым емес, халық алдындағы жауапкершілік пен сенімнің көрінісі. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, кадрлық резервтің маңыздылығын терең түсінемін. Себебі білікті кадрларсыз мемлекеттік басқарудың тұрақты дамуы мүмкін емес. Мен өз еңбек жолымды Көксу ауданынан бастадым. Алғашқы жылдары ауданның дене шынықтыру және спорт саласында бас маман болып қызмет атқарып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға үлес қостым. Кейін Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында бас маман, қала әкімінің орынбасарының көмекшісі және ұйымдастыру бағытындағы қызметтерді атқарып, қалалық деңгейдегі басқару тәжірибесін жинақтадым. Одан соң Көксу ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімін басқарып, цифрландыру мен қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргіздім. Кейінгі кезеңде Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында бөлім басшысы ретінде еңбек етіп, экономиканың маңызды бағыт...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.02.2026

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Көксу аудандық кітапханасында «Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ел бірлігі мен татулықтың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды. Тағылымды шараға Аманат партиясының өкілдері, белсенді жастар, мәдениет қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу барысында қоғамдық келісімнің – ел дамуының басты кепілі екені атап өтілді. Қатысушылар бейбітшілік пен тұрақтылықтың Қазақстан қоғамы үшін айрықша құндылық екенін айтып, көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сыйластық пен түсіністіктің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2026

Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі қауырт тексеріліп жатыр. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен ұйымдастырылған бұл шара құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген міндеттерді орындау қабілетін бағалауға бағытталған. Кең ауқымды инспекция осы жылдың 19 ақпанына дейін жалғаспақшы. Тексеру аясында полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмалар кешенін орындау да көзделген. Бөлімшелер жауынгерлік даярлықтың межелі деңгейіне келтіріліп, белгіленген аудандарға жіберіледі. Тексеру барысында негізгі жауапкершілік Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына жүктеледі. Ол бөлімшелердің белгіленген аудандарда уақытында шұғыл орналасуын және дайындық кезеңінде де, жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылдары барысында да үздіксіз басқарылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жеке құрам үш күн бойы роталық тактикалық топпен өткізілетін тактикалық жаттығу аясында практикалық іс-қимылды пысықтайды. Жаттығу жоспары...
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.02.2026

Конституция кубогі – студенттер арасында

Студенттер арасында өткен Конституция кубогі өз мәресіне жетті! Жарысқа қатысқан барлық командалар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді. Әр кездесу тартысты өтіп, спортшылар жеңіске деген жігері мен командалық рухын және спортқа деген құлшынысын көрсетті. Тартысты ойындар, жоғары дайындық, шынайы эмоциялар! Бірлік бар жерде – тірлік бар! Жеңімпаз командалар арнайы кубок және дипломдармен марапатталды. Осындай игі шаралар жалғасын таба берсін!
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.02.2026

Ғасырдың ғаламат ақыны

Көксу аудандық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты тұлғалық сағат ұйымдастырылды. Танымдық шара барысында ақынның кітаптарынан «180» саны бейнеленген арнайы кітап инсталляциясы жасақталды. Кітапханашы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат ұсынып, оның жыршылық өнері жайында бейнеақпарат көрсетті. Іс-шара оқырмандарға ақын мұрасын кеңінен таныстырып, рухани тағылымы мол әсер қалдырды.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.02.2026

Шетелдік қызығушылық 60%-ға артты: Жетісу туристік картадағы орнын нығайтуда

Жетісу облысында туризм саласы тұрақты дамуда: өңірге келген саяхатшылар саны 2 млн адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Тұқибаев хабарлады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда өңірде туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, 2025 жылы ғана бұл мақсатқа 30,2 млрд теңге бағытталып, жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 30%-ын құрады. Туристік инфрақұрылымды жақсарту нәтижесінде көрсетілген қызметтер көлемі 13%-ға артты. Шетелдік туристер ерекше қызығушылық танытуда - олардың саны бір жыл ішінде 60%-ға көбейді. Салалық басқаруды күшейту мақсатында облыста дербес туризм басқармасы құрылып, бес ауданда тиісті бөлімдер ашылды. Елдегі ең биік сарқырама - Бұрхан-Бұлаққа апаратын жолды реконструкциялау келесі жылдың соңында аяқталады. Облыста экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аударылуда. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында тазалықты қамтама...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026

Еңбек еріне тағзым: Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған гастрольдік сапар

Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің кезекті гастрольдік сапарын Жетісудың аяулы перзенті, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арнады. Өнер ұжымы аңыз адамның есімін иеленген ауылда болып, халыққа рухани тарту жасады. Мерейтой аясында сахналанған Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясы ауыл тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды. Былтыр «Жұмысшы мамандықтар жылында» тұсауы кесілген бұл туынды биыл Зылиха Тамшыбаеваның мерейтойына орай жаңа мазмұн мен терең мәнге ие болды. «Зылиха Тамшыбаева – еңбек пен қажырлылықтың символы. Оның 90 жылдығында өзі негізін қалаған ауылда өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе әрі перзенттік парыз», – деп атап өтті театр ұжымы. Қойылымның режиссері Ержан Қауланов туынды арқылы тек жастардың махаббатын емес, адал еңбектің қоғамдағы орнын шебер жеткізе білді. Көркемдік шешім: Қоюшы-суретші Д.Қыдырқожа мен костюм суретшіс...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.