ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 17.02.2026
Оқылды: 59 Печать страницы

Көксу аудандық кітапханасында «Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ел бірлігі мен татулықтың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды. Тағылымды шараға Аманат партиясының өкілдері, белсенді жастар, мәдениет қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық келісімнің – ел дамуының басты кепілі екені атап өтілді. Қатысушылар бейбітшілік пен тұрақтылықтың Қазақстан қоғамы үшін айрықша құндылық екенін айтып, көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сыйластық пен түсіністіктің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.