ЖАҢАЛЫҚТАР

Кадрлық резерв – елге адал қызметтің кепілі

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 18.02.2026
Оқылды: 41 Печать страницы


Мемлекеттік қызмет – мен үшін тек лауазым емес, халық алдындағы жауапкершілік пен сенімнің көрінісі. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, кадрлық резервтің маңыздылығын терең түсінемін. Себебі білікті кадрларсыз мемлекеттік басқарудың тұрақты дамуы мүмкін емес.
Мен өз еңбек жолымды Көксу ауданынан бастадым. Алғашқы жылдары ауданның дене шынықтыру және спорт саласында бас маман болып қызмет атқарып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға үлес қостым. Кейін Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында бас маман, қала әкімінің орынбасарының көмекшісі және ұйымдастыру бағытындағы қызметтерді атқарып, қалалық деңгейдегі басқару тәжірибесін жинақтадым.
Одан соң Көксу ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімін басқарып, цифрландыру мен қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргіздім. Кейінгі кезеңде Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында бөлім басшысы ретінде еңбек етіп, экономиканың маңызды бағыттарында басқарушылық тәжірибе қалыптастырдым.
Қазіргі таңда Көксу ауданы әкімінің орынбасары ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіріп келемін. Кадр сапасының, кәсіби дайындықтың және жауапкершіліктің маңызын күнделікті қызмет барысында нақты сезінемін.
Кадрлық резерв – кәсіби әлеуеті жоғары, ел мүддесіне қызмет етуге дайын мемлекеттік қызметшілерді анықтап, оларды басқарудың жоғары деңгейіне дайындайтын жүйе. Бұл – тек іріктеу емес, үлкен сенім мен жоғары жауапкершілік. Жергілікті деңгейде еңбек етіп жүрген жас мемлекеттік қызметшілер үшін кадрлық резерв – өз мүмкіндігін көрсетуге берілген нақты мүмкіндік.
Кадрлық резервке қатысу мен үшін мансаптық мақсат емес, жинақтаған тәжірибем мен білімімді ел игілігіне тиімді пайдалану мүмкіндігі. Мемлекеттік қызметші әрдайым кәсіби дайын, адал әрі халық сеніміне лайық болуы тиіс. Осындай жүйе арқылы елге қызмет ететін жаңа буын кадрлар қалыптасады деп сенемін.
А. Зейнулда 
аудан әкімінің орынбарасы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.