ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 10.02.2026
Оқылды: 56 Печать страницы
Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен Конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық институттардың рөлін арттыру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Штаб мүшелері тарапынан толыққанды түсіндірме берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.