ЖАҢАЛЫҚТАР

Даму жолындағы жасалған әрекет

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 03.03.2026
Оқылды: 41 Печать страницы
Даму жолындағы жасалған әрекет

Көксу ауданы әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов Айнабұлақ және Алғабас ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру және тұрғындармен ашық пікір алмасу болды.

Жиын барысында реформалардың негізгі бағыттары, олардың өңірлердің дамуына әсері, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері кеңінен айтылды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, абаттандыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімі конституциялық реформалар әділетті, ашық және халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар ұсыныстар бақылауға алынды.

Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.