Аудандық филиал төрағасы Мусахметов Ақжан Ахылбекович атап өткендей, коалицияның басты міндеті — сайлаушыларға дауыс беру процесі туралы объективті ақпарат жеткізу және олардың конституциялық құқықтарын еркін пайдалануына жағдай жасау.
"Біздің мақсатымыз — Көксу ауданының әрбір сайлаушысы өз дауысын саналы түрде берсін деген тілек. «Дауыс» коалициясы тәуелсіз байқаушы ұйым ретінде сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды.— Мусахметов Ақжан Ахылбекович, «Дауыс» коалициясы Көксу аудандық филиалының төрағасы
Филиал сайлау алдындағы кезеңде ауданның барлық учаскелік сайлау комиссияларымен тығыз байланыста жұмыс істеп, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттық кездесулер өткізуде.Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы — демократияның берік іргетасы.Ақжан Ахылбекович тұрғындарға сайлауға қатысудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, дауыс берудің процентінің жоғары болуы — азаматтардың болашаққа деген жауапкершілігінің тікелей көрінісі.
«Дауыс» коалициясының Көксу аудандық филиалы барлық сайлаушыларды белгіленген күні дауыс беру учаскелеріне уақытылы келуге шақырады. Ел болашағы — жеке басыңыздың таңдауынан басталады.
