Сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Көксу ауданында референдум аясындағы дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, дауыс беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасының айтуынша, аудан тұрғындары таңғы уақыттан бастап белсенділік танытып, учаскелерге келіп өз таңдауларын жасауда.
Барлық учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс берудің ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы сайлаушыларға қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жалғасуда. Көксу ауданының тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде.
