Көксу ауданында ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – «Қазақ аруы» атанған Дария Қуатжан.
Дария Қуатжан сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық парызын орындап, дауыс берді. Ол елдің болашағы әрбір азаматтың таңдауына байланысты екенін айтып, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды.
– Әр адамның дауысы маңызды. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі болашағымыздың негізі. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамай, баршаңызды дауыс беруге шақырамын, – деді ол.
Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысуда. Осындай маңызды күні елжанды жастардың да үлгі көрсетіп, азаматтық ұстанымын білдіруі – қоғам үшін үлкен өнеге.
