Бүгін аудан бойынша референдумға арналған дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша аудан тұрғындары учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.
Таңертеңнен бастап-ақ сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Әсіресе, зейнеткерлер мен еңбек ұжымдарының өкілдері ерте келіп, азаматтық міндеттерін орындауда. Дауыс беру учаскелерінде барлық ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп, комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу және түсіндіру жұмыстарын атқаруда.
Учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кейбір учаскелерде келушілерге арналған фотозоналар қойылып, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.
Жалпы алғанда, аудан бойынша референдумға қатысу белсенді өтіп, тұрғындар ел болашағына қатысты маңызды науқанға жауапкершілікпен қатысуда.
