ЖАҢАЛЫҚТАР

«Дауыс беру керуені» — Көксу ауданының көшелерінде жүруде

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 15.03.2026
Оқылды: 46 Печать страницы


Көксу ауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру мақсатында аудан бойынша «Дауыс беру керуені» атты ақпараттық акция басталды.

Акция аясында арнайы безендірілген автомобиль аудан көшелерін, ауылдарды және шалғайдағы елді мекендерді аралап, тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне шақыруда. Көлікке «Дауыс бер!», «Болашағыңды өзің ал!» және «Сенің дауысың — елдің тағдыры!» деген ұрандар жазылған.

Керуен жолындағы ауылдарда тоқтап, тұрғындарға сайлау күні, дауыс беру орындары, сондай-ақ учаскеге бару тәртібі туралы толық ақпарат беруде. Ерекше назар — алыс және қол жеткізу қиын мекендерге аударылған.

«Бұл акцияның мақсаты — дауыс беруге ынталы болу. Əрбір азаматтың дауысы елімізің болашағын анықтайды. Керуен барлық ауылдарды аралап, тұрғындарды тікелей шақырады».

— Көксу аудандық сайлау комиссиясының өкілі

Автокеруен жұмысы сайлау күніне дейін үздіксіз жалғасады. Ауданның барлық ауылдары мен шалғай нүктелеріне жетіп, сайлаушыларды учаскелерге бару рухын арттыру — акцияның басты міндеті.

Акцияға жергілікті ерікті жастар, қоғамдық ұйымдар өкілдері де қосылып, агитациялық материалдар таратуда. Тұрғындар акцияны жылы қабылдап, «Дауыс беру керуені» аудан тарихындағы елеулі бастама екенін атап өтуде.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.