Көксу ауданында ерекше форматтағы перформанс өтті. Аудандық мәдениет үйінің оркестрі ұлттық киімде қазақтың күйлерін орындап, аудан орталығына кіреберіс жол бойында және өзен жағасында өнер көрсетті.
Бұл әсерлі сәттер дрон арқылы түсіріліп, Көксу өзенінің әсем көрінісі, Лабасы мен Шаған тауларының табиғатымен үйлесім тапты.
Ұлттық өнер мен табиғаттың үндестігі – ел бірлігі мен Жаңа Конституцияның маңызын айшықтай түсті.
